Ақпараттық портал

ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ

Тұрғын үйлердегі және пәтерлердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады. Сұрапыл апатты құбылыс жылдар бойы жиылған мүліктерді аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкеледі.
Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:
•Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
•Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
•Электр есептегіштердегі электр сақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
•Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
•Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
•Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
•Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электржылытқыш құралдарын қолданбаңыз;
•Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
•Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз.
Б.Бегалиев,
Шу ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны.

Leave A Reply

Your email address will not be published.