Ақпараттық портал

БАЛЫҚ АУЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Ауа райының суытып, үскірік аяздың келуімен шулық балықшылар үшін қысқы балық аулаудың жаңа маусымы ашылды. Алайда, мұз сырғанақ әрі қауіпті. Мұз үстінде жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар талаптар мен шарттарды сақтау маңызды. Сол кезде ғана қысқы балық аулау айтарлықтай жайлы демалыс болатыны анық. Ең қауіпті кезең бұл алғашқы және соңғы мұз. Бұл уақытта мұзда жүру кезінде балық аулау қайғылы жағдайға ұласып кетпеуі үшін аса ыждағаттылық қажет.
Алғашқы мұз қатқан кезде жүру барысында саналы ой мен іс қимыл тәжірибесіне сүйену маңызды. Көпшіліктің мұздың лайықты деңгейде қатқандығы мен оның кез келген жерінде еркін жүруге болатындығы жайындағы қаңқу сөздерге құлақ асудың қажеті жоқ. Су айдындарында мұз судың жағалауынан ортасына дейін қатқыл тәрізді көрінеді. Бірақ мұздың құрылымы барлық бөлігінде бірдей болмайтынын ескерген жөн.
Біріншіден мұздың жағалауы жұқа болып көрінуі мүмкін. Бұл су жағасында өсетін түрлі ағаштар мен орман жолақтарының жақындығына байланысты болмақ. Алғашқы мұздың қалың-дығы жүру қауіпсіздігі үшін 5 сантиметрден жоғары болуы қажет.
Су айдынындағы мұздың құрылымы да әр түрлі. Беріктік пен балық аулаудың қауіпсіздігі де дәл осы мұздың құрылымына тікелей байланысты. Алғашқы қатқан мұздағы ең берік құрылым су айдынының тең дәрежедегі қою монолитті мұзбен жабдықталуы болып табылады.
Мұздың қатты қар басқан аймағында аса сақ болған жөн. Мұнда көп жағдайда мұз жұқа болып келеді. Мұз жабдығының тепе-теңдігіне де мән беру керек.
Қысқы балық аулау кезінде әр адам білуге және қатаң сақтауға міндетті негізгі қауіпсіздік ережелері бар:
-Міндетті түрде өзіңізбен ұзындығы 20-25 метр арқан алып жүру.
-Құтқаруға арналған арнайы киімді киіп жүру. Бағасы арзан болса да бұл киімнің кез келген қиын жағдайда тығырықтан шығуға көмегі зор.
-Балық аулау кезінде палатка ішіне міндетті түрде вентилияция қою қажет. Барлық ашық от көздері көптеген адамға зиянын тигізетін улы газ тарататыны белгілі. Палатканы жылыту үшін құрғақ ысытқышты қолдануға болмайды. Ол қатты қызған кезде ауаны бұзып, тыныс алуға кері әсерін тигізеді.
-Түнгі балық аулау кезінде жарық беретін ленталы палатканы қолданған жөн.
-Ұялы телефонды герметикалық қорапқа салу және мұзға шығар алдында әркез қуатын тексеру қажет.
Мұзға шыққан кезде өзіңіз білетін барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, сақтық пен саналы ойды жоғалтпау маңызды. Сонда ғана келеңсіз жәйттер сізден айналып өтетін болады.
Тасөткел су қоймасының барлық аймағында балық аулауға қатаң тыйым салынғандығын ескертеміз. Сақтық шараларын сақтағанда ғана қысқы балық аулау кімге де болса жемісті болатынын естен шығармайық.

Ержан Қасенов,
Жамбыл облысы балық шаруашылығының
бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.