Ақпараттық портал

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2-қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырады.
Осыған орай, 2021 жылдың 29 желтоқсанында аудандық «Шу өңірі»-«Шуская долина» газеттерінде «Шу ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы» хабарлама жарияланды.
Белгіленген мерзімде, Шу аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының атына 16 ұсыныс түсті, саралап айтқанда жергілікті мемлекеттік органдардан-4, коммерциялық емес ұйымдардан-9, өзін-өзі ұсынған азаматтардан -3 ұсыныс түсті.
Сапалық құрамы бойынша айтар болсақ, 2-әйел азаматша, 14-ер азамат. Ұлты бойынша 1-орыс, 1-кәріс, 14-қазақ. Ұсыныс берген азаматтардың 14-і жоғары білімді, 2 азамат орта кәсіптік білімді меңгерген.
Жұмыс тобы өткізген сайлау қорытындысы бойынша 9 үміткер қоғамдық кеңес мүшелігіне сайланып, 2 үміткер резервтік тізімге енгізілді, ал 4 үміткер мемлекеттік органдардан тағайындалды.
Жоғарыда аталған Заңның 9-бабының 8-тармағына және Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2022 жылғы 27 қаңтардағы №4 хаттамасына сәйкес аудандық қоғамдық кеңес құрамы(13 адам) аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 ақпандағы №21-2 шешімімен бектілді.
Жыл ішінде кеңес құрамынан кеңестің 1 мүшесі өзі берген өтінішке сәйкес құрамнан шығарылып, оның орнына резервте тұрған 1 адам енгізілді.
Қоғамдық кеңестің І-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 11 наурызда өткен кеңес отырысында аудан әкімі С.Арубаевтың «Ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының 2021 жылғы қорытындылары туралы» есебі тыңдалды. Мәселені қарау және талқылаудың қорытындысы бойынша аудан аумағында инвестициялық жобалардың толыққанды іске асырылуына барынша ықпал жасау, аудан халқының әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында елді мекендерді табиғи газбен және таза ауыз сумен қамту жұмыстарын жандандыру, оның ішінде алты елді мекенге (Балуан Шолақ, Бәйдібек, Бөлтірік, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар бекеті) газ құбырын тарту мен әлеуметтік – мәдени нысандардың (мектеп, балабақша, мәдениет үйі мен клуб т.б.) қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарына бақылауды күшейту, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сапасына баса назар аудару, аудан бойынша коммуналдық меншіктегі тозығы жеткен электр бағандарын, электр желілерін, ескірген трансформаторларды уақтылы ауыстыру, қоршау жұмыстарын жүйелі жүргізу, тұрақты жұмыс орындарының ашылуына барынша ықпал жасау, Шу қаласының кәріз жүйесі нысанының құрылысын жүргізуді қолға алу, ауыл шаруашылығы саласын одан ары дамыту мақсатында, оның ішінде өсімдік шаруашылығында экономикалық тиімді дақылдардың егу көлемін арттыру, су үнемдеу қондырғыларын орнату жұмыстарын одан əрі жандандыру, жайылым жерлерді кеңейту жұмыстарын қолға алу, аудан аумағында азық-түлік тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бағаны тұрақтандыру және негізсіз өсуін болдырмауды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде ұсынымдар енгізілді. Жыл ішінде ұсынымдардың бірқатары орындалып, қалғандарының орындалуы тұрақты бақылауға қойылды.
Жоспарға сай үстіміздегі жылдың І-тоқсанында кеңес отырысында «2022 жылдың вегетациялық кезеңінің басталуына суландыру жүйесі мен гидротехникалық құрылғыларды дайындаудың барысы» жөніндегі мəселе қаралып, нәтижесінде 2022-жылдың 25-мамырына ауданның суландыру жүйелеріне ағын суды жіберу, 1-тамызына дейін Тасөткел су қоймасындағы су көлемін нақты анықтау мақсатында бөгеттің жоғарғы бьефімен байланыстыра отырып, топотүсірілім жұмыстарын жүргізу, үстіміздегі жылдың аяғына дейін жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында ауданда бар 85 бірлік вертикалды – дренаждық ұңғымаларды қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар қабылданды. Жоғарыда аталған мәселелерді іске асыру мақсатында аудан әкімінің атынан Жамбыл облысының әкімі Н.М. Нұржігітовке және «Қазсушар» ШЖҚ РМК Жамбыл филиалының директоры Қ.Бедебаевқа хат жолданды. Мәселенің оңды шешімінің табылуы тұрақты бақылауда тұр. Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Н. Нұржігітов үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Тасөткел су қоймасында жұмыс сапарымен болып, нысанды сейсмикалық күшейту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ол жұмыстарды «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жүргізуде. Жобаның құны 2,1 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда су қоймасының тоспасы салынуда. Құрылыс жұмысына 26 техника мен 38 құрылысшы жұмылдырылған. Нысанның құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталған. Жалпы, су қоймасындағы сейсмикалық күшейту жұмыстары алдағы жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталады деп жоспарланып, тоспаны осы жылдың соңына дейін тапсыру көзделуде. Басты мақсат – егістік жерлердің ауқымын ұлғайту.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің ІІ-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту және мүгедектерді оңалту жұмыстарының жәйі туралы» аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Керімбаева, осы бөлімге қарасты «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры С.Көпбаевтың есептері, ауданымыздағы «Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» мекемесінің директоры А.Салмарбекованың хабарламасы тыңдалды. Мәселені қарау және талқылау барысында әлеуметтік көмектің түрлері бойынша мүгедектерге әлеуметтік төлем жүргізуді және бұл мақсатқа бөлінген бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, ауданымызға қажетті мамандықтарды анықтап, жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарымен қамту, өз ісін ашуға қайтарымсыз грант алған азаматтардың бизнес жоспарлары бойынша ашқан кәсіптеріне зерделеу жүргізіп, мемлекет қаражатының нысаналы мақсатта жұмсалуын тұрақты қадағалау жөнінде тиісті ұсынымдар қабылданды. Әлеуметтік көмектің түрлері бойынша төмендегідей қаражат игерілді:
-Мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыру бойынша 1564 адамға 155993 теңге;
-Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту мақсатында 373 адамға 48853,0 теңге;
-Іс-қимыл тілі мамандарының қызметтерін көрсету бағытында 19 адамға 4016,0 теңге;
-Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар тізбесін кеңейту үшін 220 адамға 16200,0 теңге;
-Қозғалыс құралдарымен қамту мақсатында (кресло-арбалар) 58 адамға 13279,0 теңге;
-Сурдотехникалық құралдар сатып алуға 14 адамға 2138,0 теңге;
-Тифлотехникалық құралдар сатып алуға 104 адамға 9580,0 теңге;
-Протездік-ортопедиялық құралдар алуға 323 адамға 24715,0 теңге;
-Санаторлы-курорттық емделу үшін 80 адамға 37212,0 теңге көмек көрсетілді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2022 жылға 7309 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Олардан тұрақты жұмыс орнына 3476 адам; «Жастар тәжірибесі» бойынша 170 адам; ақылы қоғамдық жұмыс орнына 1276 адам; әлеуметтік жұмыс орнына 70 адам; қайтарымсыз грант алуға 253 адам; алғашқы жұмыс орны бойынша 17 адам; күміс жас 25 адам; қысқа мерзімді оқуға192 адам; ұрпақтар келісімшарты бойынша 4 адам; «Бастау» бизнес жобасына 1826 адам қамтылды.
Жыл басынан бағдарламаға бөлінген қаржы 1246,5 млн теңге болса, игерілгені 1010,9 млн теңге.
Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру бойынша – қайтарымсыз грантқа (400 АЕК немесе 1 225200 тг) жалпы 321,8 млн теңге (республикалық бюджеттен 214,9 млн және Ұлттық қордан 106,8 млн ) қаражат бөлініп, 253 адамға грант берілді. Бүгінгі күнге 3 лек бойынша 168 азаматқа 205,8 мың қаражаты аударылып, төртінші лек бойынша 85 азаматтың қаражаты желтоқсан айында аударылды. Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына арнайы ыңғайластырылған ғимарат қарастыру жөнінде қоғамдық кеңес тарапынан үстіміздегі жылдың 8-желтоқсанында облыс əкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е.Келесовке хат жолданды. Бұл ұсынымдардың орындалуы да тұрақты бақылауға қойылды.
Сонымен қатар, отырыста «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың орындалу барысы туралы» аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ғ.Қойбағаровтың есебі тыңдалды.
Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды толыққанды орындау үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде ұсыным қабылданды. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қоғамдық кеңестің ІІI-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Мектептердің жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының жәйі туралы» аудандық білім бөлімі басшысының м.а. А.Имашханның хабарламасы тыңдалды. Мәселені қарау және талқылау барысында оқушылардың оқу құралдарымен толық қамтылуы, оның ішінде аз қамтылған отбасылардың, көпбалалы аналардың, тағы басқа əлеуметтік әлжуаз топтардың балаларының кітаптармен тегін қамтылуын және оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында бейнекамералардың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету, турникеттер мен дабыл қаққыш құрылғыларды орнату жұмыстарын одан әрі жалғастыру жөнінде ұсынымдар берілді. Жоғарыда аталған мәселе бойынша оқушылар тегін оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арнайы мектеп формалары тегін таратылды. Барлық мектептерде бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр. 2022 жылға облыстық бюджеттен 37 569 996 теңге қаржы бөлініп, аудан мектептеріне турникеттер мен дабыл қаққыш құрылғылар орнатылды.
Қоғамдық кеңестің ІV-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Шу ауданындағы құрылыс нысандарына күрделі салымдардың игерілу барысы туралы» аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Нурадинов және аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Каликов есеп берді. Мәселені қарау және талқылау барысында А.Нурадиновке жылдың аяғына дейін Абай ауылындағы мәдениет үйінің құрылысын толыққанды аяқтау, Шу қаласындағы 258,7 га тұрғын аймақтың насостық станциясының екінші деңгейінің әрлену және т.б. жұмыстары, сонымен қатар газ тарату қондырғыларын, опрессовка құрылыс монтаж жұмыстарының белгіленген мерзімге дейін аяқталуын қадағалап, Д. Қонаев ауылындағы 108 орындық спорт-сауықтыру кешешінің жұмыстары мен Шу қаласындағы Сәтбаев көшесінде орналасқан қалалық емхананы қайта жабдықтау жұмыстарын келесі жылы жалғастыру жөнінде шаралар қабылдау және құрылыс нысандарына бөлінген қаражаттардың толық әрі уақытылы игерілуін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына Шу ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, Төле би ауылы, Әл-Фараби атындағы орта мектеп құрылысының белгіленген мерзімде аяқталмауына байланысты аталған мәселені іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Нурадинов тарапынан 2022 жылы 7-желтоқсан күні облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Е.Орынбаевқа аталған нысанның мердігерін сотқа беру туралы хат жолданды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Каликовке Көктөбе, Сауытбек, Көкқайнар, Ақтөбе, Еңбекші ауылдарындағы, Шу қаласы «Қант зауыты» мөлтек ауданында ауыз су жүйесінің құрылыстары бойынша келесі жылы атқарылатын жұмыстардың сапасына баса назар аударып, елді мекендердегі көше жолдарының құрылыстарын тиісті деңгейде жүргізілуін тұрақты қадағалау және білім беру нысандарын жылу жүйесін газға ауыстыру жұмыстарын бақылауда ұстау туралы ұсынымдар берілді. Бұл ұсынымдар тұрақты бақылауда тұр.
2022 жылдың 12 айында аудан әкімінің 18 шешімінің жобасына, аудан әкімдігінің 4 қаулы жобасына, аудандық мәслихаттың 2 шешімінің жобасына ұсынымдар берілді.
Ерболат Досымбаев,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.