Кешегі түлек – бүгінгі ұстаз!
Сәду Шәкіров атындағы орта мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аталған бағдарламалық мақаласы аясында «Мектебіме тағзым» атты акция жалғасуда.
Аталған білім ошағының түлектері Нүриева Инабат Берікбекқызы, Хакимова Мөлдір Ануарқызы өз мектептерінің дамуына үлестерін қосып, қаржылай демеушілік көрсетті. Түлектердің рухани адамгершілік тәрбиелік мәні бар игі істері өздерінен кейінгі білім алушыларға, түлектерге үлгі болары хақ. Түлектеріміздің алтын ұя мектептерін естен шығармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы көңіл қуантарлық жайт.
Оларға алдағы уақытта еңбек жолдарына табыс тілей отырып, алғысымызды білдіреміз!
Марияна Спанова,
С.Шәкіров атындағы орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.