Ақпараттық портал

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Тасөткел ауылдық кітапханасы 9 мамыр Женіс күніне орай, «Ұрпақ тағзымы» атты кездесу кеш еткізді. Кешке Ұлы Отан соғысы ардагерінін жұбайлары, еңбек ардагерлері, Жакыпова Кулаш Жамжолқызы, Вазиева Зайымхан және соғыс ардагерінің қызы, тарих пәнінің мұғалімі Омарова Бакыт Әлмешқызы қатысты.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып өткен басқосудың мақсаты – жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу.
Іс-шара барысында оқушылар «Катюша» биін билеп, өлең оқыса, қонақтарымыз сөз сөйлеп, елімізде бейбітшілік болсын, айбынды азаматтарымыз аман болсын деген өздерінің ақ тілектерін айтты. «Ұлы Женіс – ұрпаққа аманат!» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
(Өз тілшіміз)

Leave A Reply

Your email address will not be published.