Ақпараттық портал

Тәрбие – тал бесіктен

Жуырда Еңбекші орта мектебінде бабаларымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибесінің тамырларына мән бере отырып, әке тәрбиесінің маңызын ашу мақсатында “Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде пікір алмасу үш бөлімнен тұрды. I бөлім “Әке тәрбиесі – кеше”, II бөлім “Әке тәрбиесі – бүгін”, III бөлім “Әке тәрбиесі – болашақта”. Әр бөлімде тақырыпқа байланысты бейнефильмдерден үзінділер көрсетіліп, әке туралы ән-күйлермен көркемделіп, тақырып бойынша берілген сұрақтар төңірегінде ой өрбіді.
Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар түгелдей дерлік келіп қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, құнды пікірлермен бөлісіп, жас ұрпаққа келелі ой салды. Бұл дөңгелек үстелдің де мақсаты жас өркеннің бойына кішілік пен ізгілік нәрін себу еді. Аталған іс-шарада жас шәкірттер мен әкелер “Әке үйдің тірегі”, “Әкем – мақтанышым” атты тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.

Ж.БАЙЛАРОВА,
Еңбекші ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.