Ерлік, Бейбітшілік, Бірлік – Бабалар аманаты
«IQ URKER SCHOOL» мектебінде 17 сәуір – 5 мамыр аралығында «Ерлік, Бейбітшілік, Бірлік-Бабалар аманаты» атты «1 мамыр- ҚР.Халықтарының бірлігі күні», «9 мамыр – Ұлы жеңіс» мерекесіне арналған апталықтар өтті.
Алғашқы 17-28 сәуір аралығында әр күні үзіліс кезінде «Мектебім – мәуелі бағым», «Бейбітшілік ұранымыз – Тату тәтті тұрамыз біз!», «Қазақ жері анамыз – жеткізетін панамыз», «Біз – қазақ, татулықты сақтай білген елміз, Дәм-тұзды ақтай білген елміз», «Бар елге қымбат туыстық, Баянды болсын тыныштық!», «Бейбітшілік ұранымыз – достық, бірлік – жыр әніміз», «Ерлік елге өнеге – ұрпаққа аманат», «Отан оттан да ыстық» тақырыптарында өтіп, әдеби монтаж, мақал- мәтел айту, ұлттық ойындар, патриоттық және халық әндері, сахналық көріністер көрсетілді.Сонымен қатар қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына арналған «Ақылды данадан сұра…», «Әсемдік гүлге тең, Шешендік тілге тең» тақырыптарында тәрбие сағаттары, шешендік сайыстар өтті.
2-5 мамыр аралығында бірлік, бейбітшілік тақырыптары «Бабалар ерлігіне бас иеміз!» атты апталыққа ұласты. 3, 4 сыныптар арасында өткен «Сапта жүріп ән айту», «Оқуға құштар бала» байқауларында 4 «А» сыныбының «Жас ұлан тобы» өздерін нағыз болашақ ұландарша көрсетсе, 2 «Ә», 3 «А» сынып оқушылары кітап оқуға құштарлықпен көзге түсті.
5 мамыр «Ез көбейсе, жау басар, Ер көбейсе, жау қашар» тақырыбындағы ерлік, отансүйгіштік, намысшылдық қасиеттерді дәріптеуге арнаған тәрбие сағаттарына арналды.
2 «Ә» сынып жетекшісі М.Сатованың халық педагогикасымен байланыстыра өткізген тәрбие сағаты жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды дарыта білуімен ерекшеленеді.
Апталық Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиында сапта жүріп ән айтуға арналған шерумен ашылып, Ұлы Отан соғысының «Кеңес одағы Батырлары» туралы мағлұматтар беріліп, патриоттық әндерге арналған флешмобпен аяқталды.
Шамшат Смағұлова,
«IQ URKER SCHOOL» мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.