БЕЗГЕК ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Безгек індеті сау адамға анофелес текті маса шаққан ауру адам арқылы жұғады. Безгек індетінің микроскоп арқылы ғана көрінетін паразитті ұрықтары адам мен маса ағзаларында 2 цикл кезінде өсіп өнеді.
Безгек індеті безгекпен ауырған адамдар мен паразит тасығыштар бар жерде, безгек масаларының өсіп-өнуіне ынғайлы жерлерде кездеседі.
Адам мен жануарларды тек ұрғашы ғана шағады, ал еркек масалар шөптің сөлімен қоректенеді. Безгек масалары шөбі мол, шағын таза су айдындарында өсіп-өнеді. Қанға тойған маса суға жұмыртқалайды. Жылы суға /+10˚С/ түскен жұмыртқалардан ұрықтар, одан құрттар пайда болып, өсіп-өну кезінде сыртқы қабығын бірнеше қайтара тастап, маса ұшып шығады. Қанында маса ұрықтары бар ауырған адам немесе паразит тасығыштар індет көздері болып табылады.
Ұстама тосын басталып, бас ауырып, қалтырап – дірілдеп, дене қызуы 40-41˚С-қа дейін көтерілсе, безгек індетінің басталу белгілері болып саналады. Ұстамаға дейін буындар сырқырап, делсалдық пайда болып, ауыз құрғауы да мүмкін. Бірнеше сағаттан кейін дене қызуы төмендеп, қатты терлеп, шаршау сезімі пайда болады. Бұл безгек ұрықтарының қанның эритроциттеріне енуінен болады. Сондықтан да ауырған адамның қаны азайып, бауыры, бүйректері және басқа да ағзалары зақымданады.
Тропикалық елдерден келген адамдарда көп жылдардан кейін де осы белгілер байқалса, дереу дәрігерге көрінуі қажет. Ауырған адамның тез сауығуына оның дәрігерге тезірек көрініп, ерте ем алуының маңызы зор.
Безгек індетіне қарсы түрлі дәрмектер қолданылады. Дер кезінде және дұрыс жасалған ем ұстаманы бірнеше күннен кейін тоқтатады. Денсаулығыңыз жақсарса да дәрігердің нұсқауын толық орындап, емделуді тоқтатпаңыз! Індетті адамдар мен індет тасушыларды тезірек анықтап, емдеу – безгек індетіне қарсы күрес шараларының ең тиімдісі.
Масалар өсіп-өнетін айдындарды, суаттарды тереңдетіп, тазалап, масалардың жетілуіне жол бермеудің маңызы зор. Саяз суаттарға топырақ, тас төгу керек. Саяз суларды биологиялық әдіспен тазалап, шөп көректі балықтарды /гамбузий/ жіберу де пайдалы. Елді мекендердегі су айдындарына, тұрғын үйлер мен басқа да жайларға залалсыздандырғыш ерітінділер пайдалану қажет. Үйдегі терезелерге тор ұстап, масаханаларды, дәрі– дәрмектерді пайдалана отырып, адамдарды масалардың шағуына жол бермеу кажет. Безгек індетіне қарсы күрес жүргізіп, алдын алу, оның тұрғындар арасында тарауына жол бермеу еліміздің әр азаматы үшін маңызды болуы қажет.
Г.Дәуренқұл,
Шу аудандық СЭББ жетекші маманы.