Ақпараттық портал

Теннис үздіктері анықталды

Жуырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 78 жылдығына орай аудандық білім бөлімінің бастамасымен, өңірдегі Балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен үстел теннисінен жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті. Орталық қызметкерлері Байжан Көпжанов пен Бекзат Баймағанбетова үстел теннисі үйірмесінің жетекшілері ретінде сайыстың лайықты деңгейде өтуіне барынша күш салды. Аталмыш сынға ауданымыздағы бірнеше мектептен 60-қа жуық спортшы қатысып, өзара мықтының анықталуына ұйытқы болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.