Ақпараттық портал

Мектеп лигасы мәресіне жетті

ндарының Мектеп лигасы басталғанын жариялаған болатынбыз. Жыл басында басталған аталмыш лига жуырда ғана өз мәресіне жетіп, тұңғыш чемпионын анықтады.
Аудандық Мәдениет үйінде өткен финалдық бәсекені әдеттегідей аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Аталмыш ойынды белгілі жайдарманшы Жансерік Мұсақұл жүргізіп, командаларға жол көрсетіп отырды.
Қазылар алқасымен іріктелген бәсекеде барлығы 5 команда өнер көрсетіп, көрерменнің көңілін баурауға барын салды. Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы орта мектептен «ХХI ғасыр», Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептен «Көңілді жігіттер», А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиядан «Орыс сияқты қазақтар», Т.Әшімбаев атындағы орта мектептен «Дала city» және Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептен «БелПариж» сынды командалар өз әлеуеттерін көрсетті.
Тартысты ойын нәтижесінде Белбасар ауылының жайдарманшылары бірінші орынды, қантзауыттық оқушылар екінші орынды иеленсе, «Орыс сияқты қазақтар» мен «ХХI ғасыр» командалары үздік үштікті түйіндеді. Ал далақайнарлық Байзақ Әлдибай «Үздік ойыншы» аталымына лайық болды. Жеңімпаздар ұйымдастыру алқасынан арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарды қанжығаларына байлады.
-Аудан көлемінде алғаш рет қолға алынған Мектеп лигасының мақсаты – жайдарман мектебін жалғастыратын әзілкештерді тәрбиелеу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану әрі оларды мәдени шараларға көптеп қатыстыру. Байқағанымыздай, біздің ізімізді басатын іні-қарындастарымыз жетерлік. Оларды тәрбиелеп, ағалық ақыл айтып, жол сілтеу біздің ендігі мақсатымыз,-дейді жайдарманшы Жансерік Мұсақұл

Leave A Reply

Your email address will not be published.