Ақпараттық портал

Дойбы додасы өтті

Өткен аптаның соңында аудандық «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету кабинетінде дойбы додасын ұйымдастырды.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген жарыста үйде білім алатын ерекше балалар бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген аталмыш орталықтың басшысы Б.Ұзақбаев балғындарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, өзінің ізгі тілегімен бөлісті.
Барлығы 10 бала қатысқан дойбы жарысында достық жеңіп, тартысты ойын өрнегін көрсеткен өрендер ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды. Марапаттау рәсімінде Бақыт Жайықұлы балалардың талабын оң бағалап, барлығына мерекеге орай тарту жасады. Сол секілді балаларға қызмет көрсетіп жүрген жанашыр жандар да спортшыларға балмұздақ пен тәтті сусындар таратты.
Ойын барысында балалар ерекше қуанып, жүздеріне қуаныш ұялады. Мұны байқаған ұйымдастырушылар осындай жарыстарды жиірек өткізуге мүмкіндік бар екендігін айтып, ата-аналарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Дайындаған Байжан ЕМБЕРДІ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.