Ақпараттық портал

Мәтіндік есеп шығарудың әдістемесі талқыланды

«Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан — байыптылықты, логика мен көсемсөзден — айтысу дағдысын үйренемiз»,-деген екен ағылшынның атақты суретшісі Бэкон. Пәннің қоғамдағы маңызын айшықтаған осы сөздің тапқырлықпен айтылғанына тәнті болдым.
«Өрлеу» БАҰО-ның жұмыс жоспарына сәйкес, Шу ауданы бойынша математика пәні мұғалімдерінің басын қосып, көшпелі курс өткізгенде алғашқы күнгі дәрісімді осы қанатты сөзбен бастадым. Иә, расын айтқанда, дамыған қоғам үшін білімді игеру зеректіктен бастау алатыны мәлім. Ауыл ұстаздарына қолайлы жағдай жасау мақсатында Шу өңіріне атбасын тіреп, мұғалімдермен дидарласып, математика пәні бойынша алғашқы күннен келелі мәселелерді сұрастырып, тәжірибелерінің жаңа қырынан толысуына септігімді тигізуді мақсат еттім.
Курс барысында тыңдаушылармен мәтіндік есептерді шығарудың оқыту әдістемесін игеру үшін бірлесе еңбектендік, ерекшеліктеріне тоқталып, оны өзара талқыладық. Мәтіндік есептерді шығару әдістерін үйрену барысында түрлері мен оның типтеріне терең мән беру арқылы мәтін есептерді шешудің алгоритмін құрастырдық және оны түсіндіруде қызығушылық жоғары болды. Тыңдаушылар берілген тапсырманы жеке орындап, жұппен бөлісіп, топта талқылауға жұдырықтай жұмылды. Мәтін есептерді шешудің ортақ әдістері мен айырмашылықтарын анықтап, өз тәжірибесімен салыстыруда ұстаздар белсенділігімен көрінді. Педагогтер курстан алған білімдерін күнделікті өз тәжірибесінде жүзеге асыру үшін бірден инстаграмм желісіндегі flippity.net,quiziz,wier te, gelan, jambort платформаларын қолданып, тапсырмаларын енгізіп, өз білім, біліктіліктерін жетілдіруге ынталы екенін көрсетті.
Іс-тәжірибелерін әріптестерімен бөлісуде құштарлықтарын танытқан математика пәні мұғалімдерінің жаңашылдыққа, әдістемелік ілімге деген ынтық сезімдері курстың қызықты да тартымды өтуіне сеп болғандай. Оған күнделікті жұмыс барысында көз жеткізудеміз.
Парида КАРКАБАЕВА,
«Жамбыл-Өрлеу» кәсіби
дамыту институтының тренері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.