ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС
Шу ауданында мамыр айының 10-19 күндері аралығында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби даму институты ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсында оқыдым. Курс барысында мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ойын әрекетін тиімді ұйымдастырудың жолдарын, педагогтің ойын құзыреттілігін қалыптастыруды тәжірибе жүзінде меңгердік. Курс оқытушысы Мадина Оңғарқызы мектепке дейінгі ұйымдарға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, тәрбиешілердің шығармашылығын дамыта түсті. Баланың өмірге қажетті негізгі дағдылары қалыптасатын кезеңі – мектепке дейінгі ұйым болғандықтан, топтық жоба жұмысын жазу, қорғау мен үшін таптырмас тәжірибе алаңы болды. Мадина Оңғарқызы курс тыңдаушыларының сұрақтарына нақты жауап берді. Мектепке дейінгі тәрбиешілер біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтап, «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби даму институтының сертификатын иеленді. Осы орайда:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,–деп Абай данамыз айтқандай, «Жамбыл Өрлеу» кәсіби даму институтына алғысымды білдіремін. Осындай тәжірибеге толы біліктілікті арттыру курстары көп бола берсін дегім келеді.
Бибижамал Абсаматова,
«Балдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.