тасөткелдегі тазалық акциясы
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығымен 1 наурыз бен 31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы бойынша балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» атты табиғатты қорғау акциясын өткізу бекітілген болатын. Аталған акция балық аулау желілерінен су айдындарын тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізілуде.
Атап айтсақ, Шу ауданы бойынша 5 су қоймасы бар. Олардың ішіндегі ауқымдысы республикалық мәндегі Тасөткел су қоймасы. Акцияның мақсаты ескеріліп, бұл шара Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басқармасының тікелей атсалысуымен ұйымдастырылуда. Өйткені, 2022 жылғы 29 желтоқсанда Шу-Талас облысаралық бассеиндік балықшаруашылық инспекциясы және «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігі арасында өзара екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Осыған орай, ағымдағы аптада аталған меморандум аясында Тасөткел су қоймасының жағалауында «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Қырғыз Республикасының 15-ке тарта кәсіпқой балықшылары мен «Сауда-Сервис» ЖШС-нің, «Қосқұдық» орман шаруашылығы мекемесінің, аудандық «Жастар орталығы» мекемесінің өкілдері, сондай-ақ Шу-Меркі аудандарынан жиналған 200-ге тарта еріктілер мен кәсіпқой балықшылар белсене қатысып, жағалаудың алдағы балық аулау науқанына дайындық жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Атап айтсақ, бұл шараға 1 камаз, 1 қалақты трактор, 10 моторлы қайық жұмылдырылды. Нәтижесінде, су қоймасы 20 тоннаға жуық жағалаудағы қоқыс қалдықтары мен су астында қалған 5-8 шақырымға жуық броконерлік торлардан тазартылды. Бұл атаулы шараға «Сауда-Сервис» ЖШС мен “Қызылша” ЖШС, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және «Қосқұдық» орман шаруашылығы мекемесі белсене атсалысқаны үшін «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды. Шу-Талас облысаралық бассейндік балықшаруашылық инспекциясының бас маманы Ержан Касенов пен Шу АПБ табиғатты қорғау полиция аға инспекторы, полиция майоры Айдар Шайкибеков те іс-шараға белсене қатысып, жағалаудың алдағы балық аулау науқанына дайындық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Осы орайда, көпшілікке түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары да жүргізілді.
Жұмахан Чекаев,