ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ МАҚСАТ
Тұрғын үйлердегі өрттің жиі шығу себебі – тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне деген немқұрайлығы екенін білесіздерме?
Өршелене түскен өрт жылдар бойы жинаған мүлікті жояды, адамдарға қайғы-қасірет әкеліп, тұрғын үйлерді шығынға ұшыратады. Көбінесе өрттердің себепшілері, олардың балалары мен көршілері оттың құрбанына айналады. Аудан көлеміндегі өрттің жалпы санының 65% тұрғын үйлер секторында орын алған.
Тұрғын үйлердегі өрттің кең таралатын себептері мыналар:
– өшірілмеген темекі тұқылы;
– қараусыз қалған, ажыратылмаған электр құралдары;
– тұрмыстық химия заттарын қолдану ережелерінің сақталмауы;
– ақаулы электрөткізгіштер;
– балалардың отпен ойнауы;
– тұрмыстық газ құралдарын, сұйықталған газ баллондарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы;
– пеш құрылымын пайдалану кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақталмауы.
М.Джумурбаев,
Шу ауданы ТЖБ аға анықтаушысы
азаматтық қорғау аға лейтенанты.