ҚҰРМЕТТІ АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ!
Автокөліктерді пайдаланудың тиімділігін арттырудың себебі қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басталады.
Автокөлік қауіпсіздігінің көптен бір элементтері олардың өрт қауіпсіздігі болып саналады. Автокөліктердің өртенуі, техниканың істен шығуы мен адам өлімініне соғатын ауыр апат ретінде саналады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктерді алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасы еткен жөн.
Оқыс оқиғалардың және өрттердің алдын алу мақсатында, келесі өрт қауіпсіздік тәртіптерін сақтаған жөн:
– Автокөліктердің механизімін ақаусыз жағдайда ұстау;
– Автокөлік тұрақтарын жарықтауға, жылытуға және қозғалтқыштарды жылытуға ашық от (лампа, факелдер, ашық от) қолдануға тыйым салынады, сонымен қатар қолдан жасалған электрлі жылытқыш қондырғыларды;
– Автокөлік тұрақтары ішінде жиһаздарды, жанғыш материалдардан тұратын үй мүліктерін сақтауға жол бермеу, сонымен қатар тез жанғыш сұйықтықтар, жанғыш сұйықтықтар;
– Автокөлік тұрақ ішінде темекі шегуге жол бермеу;
– Өрт оқиғасы орын алған жағдайда жүргізуші автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумулятор батареясын шешіп, автокөлік ішіндегі адамдарды қауіпсіз орынға көшіріп, орын алған оқиға жөнінде «101» немесе 112 телефонына хабар беру қажет. Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіру шараларын жүргізу қажет.
Орын алған автокөлік құралдарының өртке шалыну себептерінің талдауы бойынша, негізгі себептерінің бірі болып автокөліктердің электр сымдарының ақауы болып табылады. Электр сымдарының ақауы орын алған жағдайда, дер кезінде жойған жөн. Заводтан шыққан сақтандырғыштарды қолданыңыздар.
М.Пермебаев,
Шу ауданы ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты.