Автоматты өрт қондырғылары
Автоматты өрт қондырғылары дегеніміз негізгі техникалық құралдарының бірі, ол қорғалатын объектідегі өрт болған жағдайда ескертетін және автоматты қондырғыларды қосуға команда беретін қондырғылардың бірі.
Өрт автоматика жүйелердің өндірісте енгізуі – қондырғылардың орнатылуы өрт қаупсіздік қамтамасыз етілуіне ең жауапты бағыттардың бірі болып табылады. Автоматты өрт хабарлағыштардың бірнеше түрлері бар, олар түтінге немесе жылулыққа қарсы іске қосылады.
Өрт қондырғыларсыз қоймаларда, дүкендерде, универмагтарда, театрларда, мұражайларда және тағы басқа қоғамдық ғимараттарда өртпен күресуі қиындыққа әкеледі. Өндірістерде, ұйымдарда өрт хабарлағыштардың тоқтамай жұмыс істеуге және сапалы эксплуатациялау үшін белгілі лицензиясы бар арнайы ұйымдар келісімімен техникалық қызмет көрсетілуі қажет.
Істеп жатқан өндіріс кешендерінде, сауда, қойма, мәдениет объектілерінде, және тағы басқа объектілер өрт автоматикалық техниканың орнатуы бірі «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылымдарды автоматты өрт сөндіру жүйелерімен және автоматты өрт сигналымен жабдықтау жөніндегі талаптар, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды көшіруді басқару» техникалық регламентінің талап етіледі.
Белгіліенген заңға сәйкес объектілерде уақытысында өрт автоматика жүйелері орнатылмаса немесе жөнделмесе объектінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Автоматты өрт қондырғылары өрт кезінде көптеген қызметтер атқарылады, ол өрт болған жағдайда кезекшілік бөлмеге хабар беріп, адамдарды экуациялауға және мүмкіндігінше өрттен материалдық заттарға материалдық зиян келтірмеуге мүмкіндік береді.
Сондықтанда қазіргі кезде барлық өндіріс ұйымдарында, дүкендерде, мәдениет сарайында және тағы басқа объектілерде автоматты өрт хабарлағыштар орнатқаны тиімді болып саналады. Өрт хабарлағыштардың өрт және күзет сигнализация жүйелердің техникалық қызметі көрсетілуі және жөндеуі нұсқауға сәйкес көрсетіледі.
Өндірістердегі белгіленген типті ережелер мен жүйелердің талабына сай дұрыс эксплуатациялауы, аудандық және қалалық мемлекеттік өрт қадағалау органдарынан басқасы жоғарыдағы организацияларының қадағалауымен де орындалады.
Құрметті басшылар, жеке кәсіпкерлер! Автоматты өрт хабарлағыштарды орнатуларыңыз қажет. Өйткені, адам өміріне және бағалы материалдық заттарды қорғау қажеттігін ескертеміз!
Б.Бегалиев,
Шу ауданы ТЖБ бас маманы
азаматтық қорғау капитаны.