Жемқорлық жайлы дәріс
Қазіргі таңда жиі көтеріліп жүрген тақырыптың бірі – жемқорлық. Мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп, оның болашағын балталайтын бұл дертпен қоғам болып күрескен абзал. Сондықтан әрбіріміз осы ұғымның зарарын жүрген жерімізде айтып жүрсек, қоғамдық көзқарас қалыптасады деп сенеміз.
Осыған орай жуырда Алға ауылдық округі Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқырмандарға «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ти-чиң өткізілген болатын. Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын насихаттау, жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарын негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, өз еліне адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен дәрісте оқырмандар өздеріне керекті ойларды түйіп қайтты.
Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан қарқынды күреске қарамастан сыбайлас жемқорлық заманмен бірге үдеп, ұлғайып келеді. Егеменді еліміздің ертеңі үшін бүгін баршамыз осы індетке қарсы тұруымыз қажет. Ол үшін әрбір істе адалдық үлгісін көрсетіп, жемқорлық жегі құрт екенін түсіндіруден талмаған жөн. Оның ішінде кітапханашылар осылай өз үлестерін қосып отырады. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі кемел болсын!
Гүлжан Жаңабаева,
Сауытбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы.