Ақпараттық портал

Балалар қуанышқа кенелді

Жуырда Ақсу ауылдық округіндегі Әшімқұл Тілеужанов атындағы саябақта Халықаралық балаларды қорғау күніне орай округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен, «Балалық шақ – бал дәурен» атты мерекелік шара өтті.
Оған округке қарасты Ақсу және Оразалы батыр ауылдарындағы ауылдық кітапхана қызметкерлері де өз үлестерін қосып, көпшілік назарына кітапханаға саяхат ретінде «Тарихтың ізімен» жобасы аясындағы кітап көрмесін ұсынды. Мерекелік көрме болғандықтан, мұнда балалар әдебиетіне негізделген ертегі кітаптар, «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» сынды тағы басқа балаларға арналған журналдар қойылып, бұл дүниелер ауылдың бастауыш сынып оқушыларына кітапхана қызметкерлерімен жан-жақты таныстырылды. Аталмыш шараның бағдарламасына сәйкес «Айгөлек» ойыны ойнатылып, әдемі әндер шырқалды. Сондай-ақ, ауылымыздың тумасы, Әшімқұл атаның ұлы Болат Тілеужановтың демеушілігімен аниматорлар өнер көрсетіп, балаларға тегін балмұздақ, тәттіге толы кішігірім сыйлықтар таратылды.
Жалпы, мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балғындар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Жұлдыз Дощанова,
Ақсу ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.