Бала терезеден құлап кетпес үшін…
Бала – кішкентай зерттеуші, сондықтан ол айналасын тану мақсатында түрлі, соның ішінде, қауіпті әрекеттерге де барады. Әрине, терезе және оның артындағы әлем – бала үшін өте қызық әрі таныс емес дүние екені құпия емес. Баланың терезеден құлауының басты себебі – бала қолымен оңай ашылатын, қорғалмаған терезе – москит тор. Бала москит торға сүйенуге болады деп ойлайды, алайда ол оның салмағын көтермейді, сондықтан да баланың терезеден құлап кетуіне себеп болады.
Соңғы жылдары баланың терезеден құлауы жиілеген. Себебі бұрын үйлерде, оңай ашыла қоймайтын ағаш терезелер болды. Сонымен қатар, ол кезде үйді желдету үшін тек терезенің шағын бөлігін ашу жеткілікті болатын: оған баланың бойы жетпейді. Ал қазіргі терезелер физикалық күшті қажет етпей-ақ, оңай ашылады және желдету үшін бүкіл терезені ашуды қажет етеді.
Егер терезенің қасында үстел тұрса, бала өміріне деген қауіп жоғарылай түседі. Қасында ата-анасы бар кезде, балаларда қорқыныш сезімі болмайды. Сондықтан 1-2 минутқа алаңдап кетсеңіз, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайға 5-жасқа дейінгі балалар, соның ішінде ұл балалар жиі тап болады. Қайғылы жағдайдың орын алуына терезенің жанында тұрған жиһаз жиі себепкер болады екен. Сондықтан, баланың қауіпсіздігі үшін ересектер сақтық шараларын алдын ала қабылдаған жөн.
М.Пермебаев,
Шу ауданы ТЖБ
аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.