Ақпараттық портал

Аудан әкімі Б.Жәнібековтың Медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті медицина қызметкерлері! Қадірлі денсаулық сақтау саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы – мемлекеттің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Дені сау ұлт қана Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы мерейлі міндеттерді жүзеге асыра алатындығы айдан анық.
Адамзат үшін жарық дүниеде денсаулықтан артық қазына – байлық жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде медициналық-демографиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын атап өтіп, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының саны 2 миллион адамға, азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 6 жылға өскенін айтты. Өз өңірімізде де медицина саласына қатысты тың жаңалықтар әр жыл сайын көрініс беруде. Жеке меншікті медициналық мекемелердің қатары артып, олар аудандық және қалалық мемлекеттік медициналық мекемелермен өзара байланысты жұмыс жасап келеді. Соның нәтижесінде аудан тұрғындарының кейбір медициналық көмектер үшін облыс орталығына баруы сиреді. Мұның барлығы халық денсаулығы үшін жасалып жатқан игілікті істер.
Атап айтар жайт, аудан тұрғындарының денсаулығы жақсарып, бала туу көрсеткіші артып келеді. Ал, медициналық көмек қолжетімді әрі сапалы бола түсуде. Медицина қызметкерлерінің күні тек денсаулық сақтау саласында қызмет жасайтындардың ғана мерекесі емес, ол – бүкілхалықтық мереке. Әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ.
Орасан зор еңбектеріңіз құрметтің қандайына да лайық.Сіздер атқарушы билік тарапынан да, тұрғындар тарапынан да үлкен алғысқа бөленіп келесіздер. Аудан әкімдігі денсаулық сақтау саласы мен осы салада жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерге әрдайым қолдау көрсетеді.
Қай уақытта болмасын медицина қызметкерлерінің жұмысы қиын да күрделі болғаны баршаға аян. Әр дәрігердің мейірімі мен жылы сөзінің өзі жанға шипа. Сондықтан оларға деген сенім күшеюде.
Жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғаудағы қажырлы да игілікті істеріңіз үшін сіздер жоғары құрметке лайық жандарсыздар.
Игілікті еңбектеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы үшін аянбай жасап отырған қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, істеріңізге сәттілік тілеймін!
Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.