Ақпараттық портал

Келелі кездесу өтті

Жуырда Т.Әшімбаев атындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Жомарт түлек-2023» атты кездесу өтті. Оған мектептің 20,40,50 жыл бұрынғы түлектері, өңіріміздің абыройын асқақтатып жүрген белгілі қоғам қайраткерлері, спортшылар, кәсіпкерлер және мектебіміздің 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысты. Кездесуді ашқан мектеп директоры А.Байгисиева іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Басты мақсат – елімізге белгілі, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, танымал жамбылдықтарды туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу болып табылады.
Кездесу барысында әр салада еңбек етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал түлектер жетістікке жету жолындағы тәжірибелерімен және туған ауылдары туралы естеліктерімен бөлісіп, түлеп ұшқан мектепке, туған жерге жасалған игілікті істер ұрпақтар сабақтастығы арқылы әрі қарай да жалғасуы тиіс екені баса айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев: «Отанға деген сүйіспеншілік – бос ұрандар мен декларациялар емес, ол халық игілігі үшін күнделікті аянбай еңбек ету, шын жүрекпен жасалатын қайырымды істер»,-деген болатын. Осы бағыттағы игілікті істер өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
Т.Әшімбаев атындағы орта мектептің ұжымы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.