«Менің әкем – ең жақсы»
Өткен аптада Әкелер күні мерекесіне орай, өңірдегі Балалар-жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының директоры Л.Б.Асанбаеваның ұйымдастыруымен, орталықтың Төле би ауылындағы бас ғимараты мен Бірлік ауылындағы филиалында жазғы лагерьге қатысатын балалар арасында «Менің әкем – ең жақсы!» видео-челлендж және «Әкем әлемде бәрін жасай алады» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында балалар әкелеріне арналған өздерінің алғысын білдіріп, өлең шумақтарын арнап, мерекемен құттықтады.
Балалар-жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығы.