Бағдарлама жүйелі жүзеге асуда
“Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес 2023 жылға 30 маманға (1500 АЕК) республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бөлінген қаражат сомасы 155 млн. 250 мың теңге, көтерме жәрдемақыға 40 маманға (100 АЕК) 13 млн. 800 мың теңге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.
Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2023 жылға тиісті мекемелерден қажетті мамандардың тізбесі сұраныс арқылы жинақталып (білім беру саласы бойынша – 12 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша – 11 маман, мәдениет саласы бойынша – 6 маман, спорт саласы бойынша – 7 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 9 маман, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне – 5 маман, әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша – 8 маман), яғни барлығы 58 маман аудан әкімдігінің сайтына жүктелінді.
Бүгінгі күнге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету Шу аудандық бөлімшесінен құжаттарын өткізу арқылы бюджеттік несиеге 3 маманның өтініштері қабылданып, аудан әкімінің қаулысымен кезектілікке қойылды, 7 маманның көтерме жәрдемақыға өтініштері қабылданып, (білім беру саласы бойынша – 2 маманға, денсаулық сақтау саласы бойынша – 1 маманға, мәдениет саласы бойынша – 1 маманға, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 1 маманға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне – 2 маманға), жергілікті бюджет есебінен – 2 415,0 мың теңге төленді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2023 жылғы 28 наурыздағы №93 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде белгілеу туралы» өңірлік даму бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі №01-04-03/51 НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сенім білдірілген өкіл (агент) белгіленген.
Осыған байланысты, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда, аудан әкімдіктері тарапынан otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында тіркелу жұмыстары жүріп жатыр.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан 2023 жылға төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәуірден мамырға, мамырдан маусымға, сондай-ақ маусымнан тамыз айына сомаларды жылжыту жасалды.
Бүгінгі күні, Қағидаға өзгерістер енгізіліп, «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған және otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында тіркелу жұмыстары аяқталу үстінде.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қосымша ақпараттарды «Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің» төмендегі нөмірлеріне хабарласу арқылы алуларыңызға болады. Қабылдау бөлімі 8(726-38) 3-19-40; мамандар 3-13-43.
Индира Бижибаева,
Гүлнұр Кәден,
аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.