Ақпараттық портал

Сайлау қарсаңындағы сұхбат

Шу аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 17 шілде күні 2023 жылдың 6 тамызына тағайындалған Бірлікүстем, Көкқайнар сынды ауылдық округ әкімдерінің сайлауына кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Жангарашев тіркелген кандидаттарға үгіт-насихат материалдарын дайындау, сайлауалды бағдарламаларын орналастыру тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ тікелей ауыл тұрғындарының дауыс беруі арқылы өтетін сайлаудың Заң аясында өтуіне баса назар аударды.
Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Стыбаев кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін үгіт-насихат жұмысын жүргізу тәртібімен, сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу кезіндегі Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтармен таныстырды. Кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берілді.
Комиссия хатшысы С.Снабеков дауыс беру тәртібімен, дауыс беру қорытындыларын анықтау, сайлау комиссияларының міндеттері туралы түсіндірме жүргізді. Дауыс беру күніндегі сайлау комиссиясы мүшелерінің, сенімді өкілдердің, байқаушылардың дауыс беру орнындағы тәртіп ережелері қағидаларына сәйкес іс-әрекеттерін іс жүзінде көрсетіп өтті.
Комиссия төрағасы С.Жангарашев кездесуді қорытындылай келе, жиынға қатысушыларды сайлауды ұйымдасқан түрде заң аясында өткізуге шақырды.
«Шу өңірі» ақпарат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.