Әділетті болыңдар!
Еліме бұл да естелік,
Жас ұрпақ жүрсін ескеріп.
Кемшілігіңді түзетіп,
Жетістігіңді үдетіп.
Тірлікті тұрсын ту етіп,
Жақсылығыңды жыр етіп.
Қойнауың толы қазына,
Хақың жоқ қояр жүдетіп.
Айтатұғын жөнім бар,
Құлағым бар, көзім бар.
Заманның жырын толғасам,
Ақындық деген сезім бар.
Оқытуды тегін ойласын,
Емді де тегін сайласын.
Тәуелсіздігің даңғаза,
Көрмесе ұрпақ пайдасын.
Бабаңның сөзін есіңе ал,
Қазақтың сенде қаны бар.
Құйрығы қудың бір тұтам,
Сапасы жоқ, саны бар.
Тарихыңды оқы, сұмдық көп,
Өткенің қасірет, қайғы боп.
Мың тірілдің, мың өліп,
Қазағым көрген қорлық көп.
Десең де ешбір зорлық жоқ,
Сақтықта бірақ қорлық жоқ.
Іштен шыққан жау жаман,
Ашылмай жатқан шындық көп.
Жұмыссыз жүрген елің бар,
Фабрика, зауыт салыңдар.
Ұрпақ үшін күрескен,
Бабалар салған жолың бар.
Бабалар сөзі жөні бар,
Әділетті болыңдар.
Өшпес мұра сол болар,
Өсиетінен тәлім алыңдар.
Тіліңе құрмет қылыңдар,
Дініңе құрмет қылыңдар.
Сенім артқан елің бар,
Дәстүрді еске алыңдар.
Біліммен шешер пайдасын,
Басшыны ел сайласын.
Жар астында жау жатыр,
Асыру үшін айласын.
Тәрбиелі жастар болыңдар,
Елім дейтін жөнің бар.
Жаңа Қазақстанды,
Жайнатуға сенім бар.