Ақпараттық портал

Жақсылық жасап жарысайық!

2023 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы «Мектепке жол – жақсылық жаса!» ұранымен жүргізілуде.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Бұл іс шара барысында Мусалиев Сүйіндік 400 000 теңгеге 10 оқушыға мектеп формасын сыйға тартты. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы 2 оқушыға сөмке, кеңсе тауары, Балхожаев Берік 15000 теңгеге, жеке кәсіпкер Ерменбаева Дилбар Жүсіпқызы 2 оқушыға кеңсе тауарын, мектебіміздің түлегі, қайырымды жан 400 000 теңгеге кеңсе тауарын, жеке кәсіпкер Омаров Ғалымжан Болатұлы 40 000 теңгеге, жеке кәсіпкер Бегимбетов Тажи 4 оқушыға жилетка сатып әперіп, қолдау көрсетсе, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ұстаздары да өз үлестерін қосуда. Касымова Раиса Темирболатовна, Анар Баетова, Мырзаханова Лаура, Дауталиева Рабиға, Солтанбаева Дүйсенкуль, Джилкайдарова Арайлым, Ембердиева Жазира, Абитаева Жанерке, Маханова Айгуль, Аубакирова Лара, Қыздарбекова Ляззат, Алимова Альмира Муратбековна, Шикетаева Гүлзинат, Сырымбетова Шынар мектепке қажетті кеңсе тауарларын, аяқ–киім, сөмке, мектеп формасын сыйға тартты.
Қайырымдылық жасаған азаматтарға мектеп әкімшілігі және ата-аналар атынан алғыс айтамыз!
Диляра ДЖИЛКИБАЕВА,
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

1 тамыздан басталатын дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл «Мектепке жол-Жақсылық жаса» ұранымен жаңа 2023-2024 оқу жылы қарсаңында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия» КММ-де ұйымдастырылды.
Аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында ауданымыздың мәдениет және өнер саласында жүрген бірқатар азаматтары, «Сауда Сервис» ЖШС-нің жеке кәсіпкерлері, «Жәми» орталық мешітінің қайырымдылық қоры және гимназия ата-аналары мен ұстаздары 40 шақты баланы мектеп формаларымен, спорттық формалар, аяқ киім, сөмке, оқу құралдары және т.б. керек-жарақтармен қамтамасыз етті.
Жаны жайсаң, қолы ашық, жомарт жандардың барлығына өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлағандары үшін мектеп әкімшілігі атынан ризашылығымызды білдіреміз.
Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасын табады. Жақсылық жасап жарысайық!
Айжан АЛКЕЕВА,
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияның әлеуметтік педагогі.
Шу қаласы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.