Ақпараттық портал

Оқу марафоны өткізілді

Қазақтың бас ақынына баланған Абай Құнанбайұлы төл әдебиетіміздің алыбы, жұртын жүрегімен сүйген ойшыл екені белгілі. Оның мұраларын насихаттау, жастардың санасына сіңіру таным көкжиегімізді кеңейтіп, рухани толысуға жетелейді.
Осыған байланысты, 10 тамызға белгіленген Абай күніне орай Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Мойынқұм ауылдық кітапханасында “Асыл сөзді іздесең – Абайды оқы ерінбе” атты оқу марафоны өткізілді.
Аталған шарада тұрақты жас оқырмандарға Хакімнің қара сөздерінен үзінділер оқып, кемеңгердің өмір жолы мен шығармалары таныстырылды. Сондай-ақ, балалардың назарына кітап көрмесі ұсынылды.
Бұл шараны өткізудегі басты мақсат – жастарды ойшыл ақын шығармалары арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, білімге деген құштарлығын арттыру екенін атап өткен жөн.
Мадина АМАН,
Шу аудандық ОКЖ қарасты Мойынқұм ауылдық
кітапханасының кітапханашысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.