Ақпараттық портал

Барлық салада өсім бар

Демография. 2023 жылғы 1 қыркүйекке Шу ауданының халық саны 106,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 45,4 мың адам (42,7%), ауылдықтар – 60,9 мың адам (57,3%). 2022 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 0,2 мың адамға немесе 0,2%-ға өсті.
Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 13986,2 тонна ет, 33772,5 тонна сүт, 8740,9 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 309,2 тонна ет, 627,3 тонна сүт, 120,2 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 60349 басқа, қой 482502 басқа, ешкі 43200 басқа, жылқы 20536 басқа, түйе 111 басқа, үй құстары 101656 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 138 басқа, қой 56195 басқа, ешкі 45 басқа, жылқы 165 басқа, түйе 18 басқа, үй құстары 101 басқа көбейді.
Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 17788,1 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,5%-ды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 48513 млн теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 40139,2 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 23687 шаршы метрді құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 16969 млн теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 5297 млн теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 11672 млн теңгеге сатылды.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.