Ақпараттық портал

Оқыс жағдай орын алмасын десек…

Елімізде газ баллондарын автогаз құю станцияларында толтыру заңсыз саналады. Мамандар қазіргі таңда бұл мәселенің өзектілігін айтып, дабыл қағып отыр.
Біріншіден, жанармай құю бекетінің операторы салаға қанық емес, сондай-ақ онда газ баллонының техникалық жарамдылығы тексерілмейді, газ баллонын толтыру нормасы сақталмайды. Айналып келгенде мұндай жағдайлар адам өміріне қауіп төндіреді.
Биылғы жаз мезгілінде Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының газ құю станцияларында апатты жағдай орын алды. Салдарынан кісі өлімі тіркелді. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, өткен жылы газ баллоны себептерінен 65 жарылыс болған. Бүгінде «Газ және газбен жабдықтау» заңының 5 тармағына сәйкес тұрмыстық баллондарды арнайы газ құю станцияларында толтыруға болмайды. Оларды тек қана арнайы газ толтыру бекеттерінде жүзеге асыру керек.
Бұл талапқа бағынбаған газ тұтынушылары үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі 170 бабының 3 тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл бағытта аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Топ мүшелері аудандағы автогаз құю станцияларын аралап, көпшілікке мұндай орындарда газ баллондарын толтырудың қауіптілігін ескертіп, жаднамалар таратты. Осы мақсаттағы алдын алу жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасатын болады.
Аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.