Ақпараттық портал

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық нормалары

Бүгінгі күнде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге ие болу болып табылады және бұл қызмет мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам өкілдері де мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
Мемлекеттік қызметшілер жұмыста және қызметтен тыс уақытта сыни пікірлер мен айыптауларға жол бермеу үшін жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды, қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс стандарттарын ұстануы керек.
Белгіленген этикетті сақтай отырып, қоғамдағы адами қадір-қасиет пен адамгершілік қағидаларына нұқсан келтіруге бағытталған іс-әрекеттердің алдын алуы қажет. Қоғамдағы жағымсыз сөздерден аулақ болып, әріптестермен қоғамға қатысты қарапайымдылық таныту маңызды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланған сын материалдардың мемлекеттік органға немесе мемлекеттік қызметшілерге қатысы бары немесе жоғы тексеріліп отырады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Әдеп кодексінде белгіленген нормаларды сақтау аясында барлық мемлекеттік қызметкерлерді келесі талаптарды сақтауға шақырамын:
•Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
•мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігіне кедергі келтіретін немесе төмендететін, мемлекет мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
•Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
•өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
•шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуға;
•заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заңсыздықтар мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға;
•әртүрлі әлеуметтік желілерге арандатушылық ақпаратты жүктеуден және жек көрінішті пікірлерге түсініктеме беруден бас тартуға;
•мемлекет басшыларына, орталық мемлекеттік және жергілікті уәкілетті органдарға жіберілген іс-әрекеттер туралы ақпаратты, сын-пікірлердің, пікірлердің барлық түрлерін таратуға және таратуға жол бермеуге;
•Қазақстан Республикасы халықтарының арасындағы этникалық және діни араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруға;
•өз кезегінде қоғамдық моральды, тәртіпті және қауіпсіздікті бұзумен байланысты заң талаптарының бұзылуына жол бермеу және басқа азаматтарды заңсыз, қоғамға қарсы әрекеттерге тартуға жол бермеуге.
•сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін жағдайлар жасамауға.

Бауыржан Серікбаев,
Шу ауданаралық
сот актілерін
орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот
орындаушысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.