Алғыс алған арымас
1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.
Осы айтулы күнге орай Қонаев ауылдық кітапханасында «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін!» атты кездесу кеші өткізілді. Іс-шараға түрік ұлтының өкілі, ауыл ақсақалы Райымов Сұлтанмұрад, татар ұлтының өкілі Каримов Минзакир қатысып, қазақ еліне деген алғыстарын білдірді. Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары өнерлерін ортаға салып, жоғары деңгейде таланттарын көрсете білді. Алғыс айту күнінде, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер – патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. Бұл күні біз ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ж.Ногайбаева,
Қонаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы.