Ақпараттық портал

Балық аулау ережесін сақтамасаңыз…

Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басқарма басшысы Кабдугалиев Азамат Абатайұлының төрағалығымен «Уылдырық шашу-2024» табиғатты қорғау акциясы аясында браконьерлікке карсы күрес бойынша ведомствоаралық жиналыс өткізілді.
Жиын барысында 15-сәуірден 31-мамыр аралығындағы Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және арнайы учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту заңдылықтары, оған қандай іс-шаралар ұйымдастыру жайы талқыланды.
Негізгі мақсат – балықтардың және басқа да су жануарларының биоәртүрлілігін сақтау. Азаматтарды осы ақпаратпен қамту үшін бүгінде профилактикалық жұмыстар мен шаралар жаппай жүргізілуде. Жауаптылардың айтуынша, еліміздің әр аймағының су айдындарында жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып, өздерінің тыйым салу шарттарын енгізген. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық және Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатты аялап, балық аулаудың белгіленген ережелерін сақтауға және заңды бұзбауға шақырады.
Осы кезеңде Мемлекеттік орган қызметкерлерінің басты назары балық аулауға тыйым салу, заңсыз сату мен тасымалдау істерін анықтауға берілмек.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің ресми өкілі берген сұхбатын еске салайық, тыйым салуды бұзу ҚР ҚК-нің 383-бабы «Балық аулау ережелерін бұзу» бойынша 10-нан 40 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ҚК-нің «Балық ресурстарын заңсыз өндіру» 335-бабы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін делінген.
Осы белгіленген Заңға сәйкес әр аймақтың ерекшелігіне қарай балықтардың уылдырық шашу мерзімі белгіленеді. Бұл аралықта балық аулауға тыйым салынады. Мысалы, облыс аймағындағы Шу-Талас бассейнінің бойындағы Билікөл мен Ақкөл каналдарын жалғайтын Асау өзенінде 15-сәуірден 31-мамыр аралығында балық аулауға тыйым салынған.

Жұмахан Чекаев,
“Балык Fest Shu” қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.