Уылдырық шашу кезеңінде балық ауламаңыз!
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 14 бабына сәйкес және «Жануарлар дүниесі обьектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес және Шу-Талас облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының «2024 жылғы 27 ақпандағы «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ-2024» іс-шарасын өткізу туралы» № 7-Ө бұйрығын назарға ала отырып . 2024 жылдың 15 сәуірі мен 31 мамыр аралығында балық аулауға тыйым салынады. Балық аулау ережесіне сәйкес көрсетілген мерзімде Шу ауданы аймағында балық аулауға болмайды. Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі балықшыларды тыйым салу талаптарын орындауға және балық ресурстарына қамқорлық жасауға шақырады.
Ережеге бағынбаған балық аулау браконьерлеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Құрметті Шу ауданының тұрғындары! Тамаша табиғатымызға және балықтан өзге де жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасау әрбіріміздің азаматтық борышымыз екендігін естен шығармайық
О.Көшкінбай,
Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің аңшылықтанушысы.