Шу аудандық сотында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды
“Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы №486 Жарлығымен Жамбыл облысы, Шу аудандық сотының судьясы болып Жарқымбаева Зәуре Даулетбекқызы тағайындалды.
Жамбыл облыстық сотының судьясы Р.Ж.Досымқұловпен жаңа тағайындалған судья салтанатты жағдайда аудандық сот ұжымына таныстырылды.
Іс-шараға аудандық және көлік прокуратураларының, аудандық және желілік полиция бөлімдерінің, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жамбыл облыстық сотының судьясы Р.Ж.Досымқұлов судьяның қызметі үлкен жауапкершілікті талап ететінін, халықтың сотқа деген сенім деңгейі сот төрелігін жүзеге асыру сапасына байланысты екенін атап өтіп, жұмыста табыс тіледі.
Аудандық сот төрағасы М.М.Тілеубеков судьяны жауапты қызметімен құттықтап, әріптестерінің атынан гүл шоқтарын табыстады.
Сот ұжымы мен іс-шараға қатысушылар жаңадан тағайындалған судьяның жұмысына табыс тіледі.
(«Шу өңірі» ақпараты).