Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз қоғам
Елімізде жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер саны артып келеді. Мұндай келеңсіз жағдайларға қоғамның әлсіз топтары – әйелдер мен балалар, қарттар ұшырайды. Көп жағдайда зиянды әдеттердің алькоголь, есірткі тұтыну, шылым шегу келеңсіз салдарынан әкеп соқтырған теріс нәтижелер әсер етіп, сыйламаушылық танытып, күш көрсету зорлық-зомбылығымен қатар психологиялық зорлық-зомбылық көрсетіп, жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде отбасы мүшелерінің тыныштығын бұзатын көбіне-көп ер азаматтар екендігі белгілі.
Заңның басым бағыттарының бірі отбасын қолдау және сақтау болғандықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әрбір адам заң аясында қорғауда болады. Сол себепті де отбасында орын алатын зорлық-зомбылыққа төзіп отыра бермей, уақытылы құқық қорғау органдарына хабарласып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ деңіз!
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы «Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке тап болған адамдарға, қатыгездік пен зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірлік қиын жағдайда» деп танылған әйелдер мен балаларына психологиялық бейімдеу сатысынан өткізу мақсатында көмектер көрсетілетіндігін хабарлайды.
Біздің мақсатымыз – қатігездік пен тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген, аудан көлеміндегі және елді мекендердегі аналар мен балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсете отырып, қолдау және кеңес беру. Ажырасу сатысындағы жанұяны қоғаммен отбасына әлеуметтендіріп қайта қосуға ықпалдастыру, баланы жетім қалдырмау, ананы қаңғыртпау. Кабинетке келіп кеңес алған жанұяның отбасылық мәселесі құпия сақталады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленбесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан жеке тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, оның ішінде, түрлі себептерге байланысты жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет түрлері көрсетіледі.
Кабинеттің мекенжайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Төле би көшесі 264 (ауыл әкімдігі 2-қабат) әлеуметтік және психологиялық кеңес беру кабинеті. Қабылдау күні мен уақыты дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Біздің сенім телефондарымыз: (8-726-38) 3-29-72; +7-702-029-67-71, +7-747-322-40-70.
Г. Мұратбек,
Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының, Шу аудандық кеңес беру кабинетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы.