Ақпараттық портал

Өзекті мәселе талқыланды

Жуырда Шу аудандық орталық ауруханасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жиналысы өтті.
Жиынға бас дәрігердің орынбасары, комплаенс-қызмет басшысына резерв және комплаенс-қызметтеріне жауапты Н.Жолдасов, бас медбике Г.Нусипова, заңгер, комплаенс-қызметінің басшысы Ж.Беймбетова қатысты.
Жиын барысында комплеанс-қызмет офицері, персоналды басқару бөлімінің меңгерушісі Ж.Динбаева денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау туралы түсіндірді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №274 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау медициналық білімі бар адамдардың медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау және оларға маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберу мақсатында жүргізіледі. Әр маман сауалнаманы өзі толтырып, сертификат алу үшін қажетті құжаттарды жинауы керек. Сертификатты портал арқылы да алуға болады. Ол үшін «Электрондық лицензиялау» порталының бетінде авторлану немесе тіркелу, «онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу арқылы электрондық сұрау салу өрістерін толтырып, өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою арқылы сауалнаманы толтырасыздар. Яғни ЭЦҚ кілтіңіз, білімдеріңізді растайтын құжат (диплом), еңбек кітапшасының түпнұсқасы, жарамдылық мерзімін белгілеу үшін алдыңғы сертификат, жеке куәлік, бар болса біліктілікті арттыру сертификаттары қажет. Аталған құжаттардың бәрін персоналды басқару бөлімінен алуларыңызға болады.
Сертификаттың уақыты келгендігі туралы тізім персоналды басқару бөлімінің кабинетіндгі хабарландыру қабырғасында ілінулі.
Бұдан кейін, басқосудың күн тәртібіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде осы жолдардың авторы баяндама жасады.
Шу аудандық орталық ауруханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметі бас дәрігер Ж.А.Айтишевтің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 141-ө бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі» болып құрылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының бірі – Шу аудандық орталық ауруханасы қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына тежеу болатын, қауіпті құбылыс екенін және елімізде онымен аяусыз күрес жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Жемқорлықтың алдын алудың бірден бір жолы – оған қарсы мәдениетті қалыптастыру. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №342 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі» Кодексінің 3-тарауына сәйкес азаматтық қызметшілерге қойылатын әдеп талаптарының бірі төмендегідей:
– «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және заңнамада белгіленген тәртіппен оның алдын алу бойынша шаралар қабылдауға;
– лауазымдық міндетеріне сәйкес болуы, әдептілік танытуға, пара алуға байланысты пікірлерге және /немесе/әрекетерге не парақорлыққа делдал болуға жол бермеуі;
– жұмыс берушіні, прокуратура органдарын немесе басқа да мемлекеттік органдарды азаматтық қызметшіге сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға итермелеу мақсатында жүгінудің барлық жағдайлары туралы дереу хабардар етуі;
– азаматтық қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты мінез-құлықтан және өзге де заңсыз әрекеттерден аулақ болуы;
– жұмыс орнында қарамағындағылар және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы қалдырған сыйлық табылған кезде сыйлықты оны тастап кеткен адамға қайтару үшін шаралар қолдануы қажет. Аталған адамды айқындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, азаматтық қызметші аталған факт туралы дереу жұмыс берушіге жазбаша хабарлауы қажет.
Оған айтылмай келіп түскен, сондай-ақ ол тиісті функцияларды атқаруына байланысты алған сыйлықтар сыйлықты алған күннен бастап не азаматтық қызметшіге сыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал азаматтық қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен төленеді.
Жоғарыда аталған талаптарды орындау мақсатында сіздерге ескертетініміз персоналды бөлімнің маманы сіздерге сертификат алу үшін көмектесуге міндетті емес, ақша немесе сыйлық ұсынып, «өткізіп бер» деп өтініп келу де қажет емес.
Аталған әрекет сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілер болып саналатынын және заң бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз.
Шу аудандық орталық ауруханасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.