Биологиялық белсенді қоспалар
Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар, яғни ББҚ-лар дәрілік зат болып табылмайды.
Биологиялық белсенді қоспалар, олардың зияны және пайдасы туралы әр түрлі пікірлер бар. ББҚ қолдану немесе қолданбау – әркімнің таңдауы. Ең бастысы ББҚ –ны сатып алар алдында: оның Еуразиялық экономикалық комиссияның халықтың санитариялық –эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органында тіркелгенін тексеріңіз.
Егер Сіз күнделікті рационда биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға бел бусаңыз, осы ББҚ Қазақстандағы мемлекеттік тіркелуін тексеруді ұмытпаңыз. Кез келген өнім сияқты ББҚ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Біздің республикада ББҚ мемлекеттік тіркеуді/ қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады. Сізді қызықтыратын ББҚ тіркелуін Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде және экспорттық –импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе ақпараттық жүйесінің «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» бөлімінен табуға болады.
ББҚ-ларға тіркеу үшін қойылатын талаптар:
Заттаңба тұтынушы үшін қажетті ақпараты бар нұсқаудың болуы тіркеуге жататын ББҚ-ларға қажетті жағдайлар болып табылады.
* өнімнің атауы , шығару нысаны;
* дайындаушының тауарлық белгісі (бар болған жағдайда)
*олардың құрамына кіретін компоненттердің ,тағамдық құндылықтардың (энергетикалық құндылығы ,физиологиялық тәуліктік қажеттілікке шаққандағы процентті көрсете отырып, белоктардың, майлардың көміртегілердің, витаминдер мен микроэлементтердің болуы биологиялық активті заттардың болуы нақты мөлшерін (грамм, миллиграмм, милилитр, проценттік арасалмағы) көрсете отырып, ингриеденттік құрамы туралы мәліметтер;
* тамаққа биологиялық активті қоспалардың қасиеттері туралы мәліметтер, қолдану жөніндегі ұсынымдар;
*талаптарына тамаққа биологиялық активті қоспалар сәйкес келуге тиіс нормативтік құжаттың атауы;
*шығарушының, бөлшектеп сатушының және ораушының (егер шығарушы ораушы да, бөлшектеп салушы да болса) атауы, фирмалық атауы, орналасқан жері (заңды мекен-жайы);
*оралған бірліктердің ( салмағы немесе көлемі ) номиналдық саны, дозаларының мөлшері мен олардың номиналдық саны (салмағының немесе көлемінің);
*партиясының нөмірі, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;
*тамаққа биологиялық активті қоспаның дәрі еместігін көрсету;
*нөмірі мен күнін көрсете отырып, тамаққа қойылатын биологиялық активті қоспаны мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат;
*аурулардың жекелеген түрлерінде қолдану үшін қарсы айғақтары туралы мәліметтер;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік құжатының болуы биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігін растау болып табылады.
М.Саулебаев,
Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.
Э.Узакова,
санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы.