Барлық жұмыс берушілердің назарына!
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығының» Шу аудандық мансап орталығы филиалы, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысты өзгерістерістерді төменде хабарлайды.
«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:
Жеке меншік нысанындағы коммерциялық заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, шаруа (фермер) қожалықтарының және әлеуметтік кәсіпкерлердің өтінімдері бойынша:
-Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мәртебесі болған;
-өтінім берген күннің алдында 12 айдан астам қызметті жүзеге асырған;
-банкроттық немесе таратылу рәсімі болмаған;
-терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болмаған;
-еңбек мобильділігі орталығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді толық орындаған (бар болса);
-өтінім берген күнге жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болмаған;
-Кодекске және “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күннің алдындағы соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты жүргізген;
-жалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған салық төлеушілердің тізбесінде болмаған;
-өтінім берген күнге тіркелген электрондық еңбек шарттары бар жұмыскерлердің тізімдік саны болған кезде;
-өткен күнтізбелік жылы өзінде субсидияланатын жұмыс орындарындағы жұмысын аяқтаған (өтінім берген күнге) жұмыссыздардың кемінде 10 пайызын (бірақ кемінде 1 жұмыссызды) міндетті түрде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған (бар болса) кезде;
Мемлекеттiк мекемелердің, олардың ведомстволарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша:
-Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға мәртебесі болған;
-өтінім берген күннің алдында 12 айдан астам қызметті жүзеге асырған;
-таратылу рәсімі болмаған;
-терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болмаған;
-еңбек мобильділігі орталығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді толық орындаған (бар болса);
-өтінім берген күнге жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болмаған;
-өтінім берген күнге тіркелген электрондық еңбек шарттары бар жұмыскерлердің тізімдік саны болған кезде;
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған жұмыс орындарының саны: ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттiк мекемелер, олардың ведомстволары және ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар үшін:
-халық саны 200 адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде – сол елді мекенде тұратын халықтың жалпы санынан субсидияланатын жұмыс орындарының 5 пайызына дейін;
-халық саны 201-ден 500 адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде – сол елді мекенде тұратын халықтың жалпы санынан субсидияланатын жұмыс орындарының 3 пайызына дейін;
-халық саны 501 адамнан асатын ауылдық елді мекендерде – сол елді мекенде тұратын халықтың жалпы санынан субсидияланатын жұмыс орындарының 2 пайызына дейін құрайды.
Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау жыл сайын 20 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Жекеменшік нысандағы коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға олардың алдыңғы қатысуы аяқталған күннен бастап 12 ай өткен соң қайта қатысады.
Оралхан Умаров,
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығының» Шу аудандық мансап орталығы филиалының сектор басшысы.