Жасанды интеллектіні тиімді пайдалану қажет
Күні кеше ғана Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында елдің даму бағытын айқындайтын бірқатар маңызды бастамаларды жариялаған болатын.
«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы еліміздің жаңа технологиялық кезеңге бет бұрғанын білдіретін айқын бағдар болды. Бұл құжатта цифрлық трансформация, жасанды интеллект, деректер қауіпсіздігі, цифрлық экономика, кадрлық әлеует және мемлекеттік басқарудың жаңғыруы сынды маңызды мәселелер қамтылды.
Жаңа оқу жылы бастау алғалы бері білім саласында басшылыққа алынатын әдістемелік нұсқаулықтың өзінде де пәндерге жасанды интеллектіні кіріктіру жөнінде де ұсынымдар әзірленген болатын. Жаңашылдықты талап ететін заманда педагогтер қауымы да жаңа үдеріске бейім болуы қажет. Осы тұста педагогтердің жасанды интеллектіні игерудегі біліктілігін арттыру ісін де қолға алу кезек күттірмейтін бастама деп ойлаймын.
Әрине, ең бастысы сол жасанды интеллектіні пайдалану арқылы ұлттық құндылықтарымыздың көрініс табуы үшін де түрлі тәжірибелер жүзеге асатын болады. Технологияның қарыштап дамыған заманында өскелең ұрпақтың білім мен ғылымға ден қоюы үшін бұл бастаманың берері мол деп білемін.
Сәуле Баялбекова,
Т.Рысқұлов атындағы
орта мектептің информатика пәні мұғалімі.