Цифрландыру дәуірі – жарқын болашаққа қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау еліміздің жедел дамуына серпін беретін жаңа міндеттер мен бағыттарды айқындап берді. Президенттің бұл құжаты тек бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуге ғана емес. Сондай-ақ болашаққа сенімді қадам жасауға бағытталған стратегиялық бағдар болып табылады.
Жолдауда белгіленген маңызды міндеттер қазіргі таңда аудан көлемінде де жиі талқылануда. Сонымен қатар Шу аудандық мансап орталығы да қызметкерлер арасында талқылаулар өткізіп, қолдау білдіретіндіктерін жеткізуде. Жалпы саяси құжатта еңбек нарығын цифрландыру, жаңа мамандықтарды игеру, жастарды заманауи дағдыларға үйрету сынды тақырыптар да көтерілген. Бұл мәселелер қазіргі еңбек нарығының дамуымен тығыз байланысты, себебі цифрлық трансформацияның ықпалы мен жаңа технологиялардың дамуы қоғамдағы еңбек қызметіне түбегейлі өзгерістер әкелуде.
Біз Жолдаудың әрбір бағыты еліміздің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор ықпал ететініне сенім білдіреміз. Жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер, қазіргі заманғы дағдыларға бейімдеу және қоғамға қажетті мамандықтарды дамыту еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, болашақта жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететіні сөзсіз.
Президент Жолдауы қоғамдағы өзгерістерге, жаңа міндеттерге және цифрлық экономиканың жаңа талаптарына бейімделу жолындағы бағыттарды айқындап берді. Ал біздің орталықтың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – цифрлық дағдыларды дамыту мен еңбек нарығына бейімдеу, сондай-ақ жұмысшылардың жаңа мамандықтар игеруіне қолдау көрсету. Сондықтан қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік бағдарламаларды, бастамаларды қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, жастардың еңбек нарығына бейімделуіне көмектесу, сондай-ақ цифрлық дағдыларды дамыту жұмыстарын одан әрі жетілдіруге әрқашан дайынбыз.
Ержігіт ОМБАЕВ,
Шу ауданы «Мансап орталығы» филиалының
директоры