Ақпараттық портал

Құрылыс жұмысындағы маңыздылық – заңдылық пен сапа

Құрылыс саласы – елдің экономикалық дамуы мен халықтың өмір сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі. Құрылыс жұмыстарын жүргізу қатаң заңдық тәртіппен реттеледі және Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 6 қарашадағы №610 қаулысымен бекітілген «Құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидаларға сәйкес, құрылыс салу немесе нысанды қайта жаңарту бірнеше міндетті кезеңнен тұрады:
1. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алу.
Бұл құжат нысанның орналасу орнын, көлемін, биіктігін, инженерлік желілерге қосылу шарттарын және қала құрылысы талаптарын белгілейді. СЖТ – жобалау алдындағы негізгі техникалық шарттардың бірі.
Инженерлік қамтамасыз етуге арналған техникалық шарттарды алу.
Электрмен, жылумен, сумен, кәріз және байланыс желілеріне қосылу талаптары осы кезеңде анықталады.
2. Эскизді (эскиздік жобаны) келісу.
Эскиздік жоба – нысанның сәулеттік шешімін, сыртқы келбетін және жоспарлы құрылымын көрсететін бастапқы жоба. Ол уәкілетті сәулет және қала құрылысы бөлімінде міндетті түрде келісуден өтеді.
Эскизді келісу кезінде жобаның бас жоспарға, қала құрылысы регламенттеріне және сәулеттік талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Бұл кезең болашақ нысанның қала келбетіне үйлесімді болуын қамтамасыз етеді.
3. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптамадан өткізу.
Жобалау құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік немесе тәуелсіз сараптамада тексеріледі. Сараптама экологиялық, санитарлық, өрт және техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бағалайды.
4. Құрылысты салуға рұқсат алу.
Барлық құжаттар дайын болған соң, тапсырыс беруші уәкілетті органға өтініш береді. Қызмет электронды форматта «eGov.kz» және e-licensing.kz порталдары арқылы көрсетіледі.
6. Құрылысты жүргізу және бақылау.
Құрылыстың сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары тексеріп отырады. Құқық бұзушылық анықталса, жұмыс уақытша тоқтатылады.
7. Нысанды пайдалануға беру.
Құрылыс толық аяқталған соң, қабылдау комиссиясы тексеру жүргізіп, нысанды пайдалануға рұқсат береді.
Бұл қағидалардың негізгі мақсаты – құрылыс саласында заңдылықты сақтау, сапасыз және рұқсатсыз құрылыстардың алдын алу. Сонымен бірге, елді мекендердің сәулеттік келбетін сақтау және инженерлік инфрақұрылымның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Электрондық форматтағы рұқсат жүйесі азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ашықтық пен ыңғайлылық туғызды. Барлық рәсім онлайн режимде өтеді, бұл уақытты үнемдеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары – еліміздің сәулеттік дамуы мен құрылыс сапасының кепілі. Әр кезеңнің, соның ішінде эскизді келісудің, дұрыс және уақытылы орындалуы қалалардың көркі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
С.Онланбеков,
аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.