Ақпараттық портал

«Үздік кітапхана» байқауына жерлестеріміз де қатысты

2 қазан күні Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы шеңберінде ауыл кітапханаларының өңір тұрғындарына бүгінгі заман талабына сай кітапханалық қызмет көрсету деңгейін анықтау мақсатындағы «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауына Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Шоқпар ауылдық кітапханасы қатысып, Абай Құнанбайұлының – 180 жылдық мерейтойына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби әуенді кеш өткізді.
Кешке арнайы Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы бастаған кітапхана қызметкерлері мен аудандық орталық кітапхана директоры Б.Алжанбаева, Шоқпар ауылдық округінің әкімі мен кітапхана оқырмандары және ауыл тұрғындары қатысты. Кеш мағыналы көрініспен ашылып, кітапхана оқырманы Рланов Бағдаттың орындауындағы «Айттым сәлем, қаламқас» әнімен жалғасын тапты.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның «Бірінші қара сөзі», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба!..» өлең жолдарын нақышына келтіре орындады, «Заман ақыр жастары», «Сегіз аяқ» әндері шырқалып, кітапханашылардың орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні оқырмандар назарына ұсынылды. Шоқпар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Касенова «Абай әлемі – адамзаттың мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі мен фото көрмемен таныстырып өтті.
Кеш соңында сөз алғандар жиналғандарды ұлық мерекемен құттықтап, кітапханашыларға шығармашылық табыс тіледі.

Раушан ДАБЕРОВА,
аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.