Ақпараттық портал

Тарихи кітаптың тұсауы кесілді

Ағымдағы жылдың 15-желтоқсанында орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі ,«Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, Мойынқұм ауданының тумасы, Қазақстан ғалымы, қоғам қайраткері Алшанов Рахман Алшанұлының «Зұлқарнайынның сақ жеріне жорығы. Шу хақанның тарихынан» ғылыми-көпшілік очеркі» атты кітабының тұсаукесу рәсімі өткізілді.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы Сұлтанбаев ашып, автордың еңбегіне жоғары баға беріп, ізгі лебізін білдіріп, қазақтың салт-дәстүріне сәйкес шапан жапты.
Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Бахит Бексұлтан Мұратбекұлы «Зұлқарнайынның сақ жеріне жорығы. Шу хақанның тарихынан» атты жаңа жарық көрген кітапқа жан-жақты шолу жасап, оның тарихи-танымдық маңызын атап өтті.
Іс-шарада автор ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, оқырмандарымен кездесіп, шығармашылық жолы мен кітаптың мазмұны жайлы айтып өтті.
Кітаптың тұсауын Найман Кенжеханұлы және Шу ауданының Құрметті азаматы Төрехан Жаңбырбайұлы кесті.
Ал, жалпы шараның мақсаты – жаңа кітапты және өңіріміздің тарихын көпшілік қалың оқырманға таныстыру, тұлғалардың өмір жолын жинақтаған құнды деректерді, тарихшы ұстаздар мен жазушы арасындағы рухани мәдени-ғылыми байланысты нығайту болды.

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.