Ұстаздар біліктілігімен бөлісті
Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында «Орыс және ағылшын тілі сабақтарында аралас оқыту түрі ретінде Flipped Classroom моделін тиімді қолдану» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында шетел тілі мұғалімдері мен тіл мамандары заманауи әдістерімен және жұмыс түрлерімен бөлісті. Ағылшын тілі мұғалімі М.А.Қадырова 9-сынып оқушыларымен «Бүгінгі күннің батыры» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар ел тарихында өз ізін қалдырған кейіпкерлерді сипаттау арқылы тілдік дағдыларының жоғары екенін көрсетті.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Боранқызы Гүлмира 7-сынып оқушыларына «К.Г.Паустовскийдің «Телеграмма» әңгімесіндегі моральдық сабақтар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар әңгіменің мазмұнын жақсы білетіндіктерін, кейіпкерлердің әрекеттерін талдай алатындықтарын және интерактивті әдістерді қолдану арқылы шығармашылық және зерттеу жұмыстарын жасай алатындықтарын көрсетті.
Мұғалім А.И.Төлеу өз әріптестерімен «Жұмыс – өмір» тақырыбында панорамалық сабақ өткізді, әртүрлі интерактивті және ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің заманауи әдістерін көрсетті. Ағылшын тілі мұғалімі М.Т.Иманбаева 5-сынып оқушыларына «Мерекелер және ерекше күндер» тақырыбында қызықты және ақпараттық ашық сабақ өткізді. Оқушылар белсенділік танытты, ал мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі формаларын қолдану оларға ағылшын тілін жетік меңгергендерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Ал шеберлік сабағын А.Б.Агибетова, М.А.Кадырова, Д.М.Садыкова, О.Г.Джанабекова және жас мамандар Ж.Бейсенкул, С.Есентаева және А.Әділгереева ұйымдастырып, өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сабағында әртүрлі жұмыс түрлері қолданылды. Атап айтқанда, жасанды интеллектіні пайдалану, Quizizz және Kahoot білім беру платформаларын ұтымды қолдануды көрсете білді.
Жалпы семинар нәтижелі өтіп, қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар табысталды.
Семинар соңында қатысушылар бұл іс-шараның ағылшын және орыс тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға және кәсіби өсуіне ықпал еткенін атап өтті.
Майра Булекбаева,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.