Зейнеттік демалысқа салтанатты түрде шығарып салды
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, Шу қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Канкулов Елнұр Мұратханұлы құрметті демалысқа салтанатты түрде шықты.
Салтанатты іс-шара өртке қарсы қызметтің ең озық дәстүрлеріне сай ұйымдастырылды. Жеке құрам сапқа тұрғызылып, әріптестері мен басшылық тарапынан жылы лебіздер айтылды. Көп жылғы адал қызметі, кәсіби шеберлігі мен жас мамандарды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді.
Жеке құрам оның әрдайым жауапкершілігі жоғары, талапшыл әрі әділ басшы болғанын ерекше атап өтті. Қиын сәттерде батыл шешім қабылдап, жеке құрамға үлгі бола білген тәжірибелі офицер ретінде құрметке ие болды.
Іс-шара соңында әріптестері денсаулығының мықты болуын, отбасы амандығын және бейбіт өмірде сәттілік тілеп, ұзақ жылғы еңбегіне шынайы ризашылықтарын білдірді.
(Өз тілшіміз).