Ақпараттық портал

Эссе жазудан байқау

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектепте Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында оқушылар арасында эссе жазудан шығармашылық байқау өтті.
Мақсаты – жастар арасында Тәуелсіз еліміздің ең асыл қазынасы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, жастардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық жұмысқа баулу.
Байқауға 8-11 орыс-қазақ сыныбының оқушыларынан 10 білімгер қатысып, әділқазы алқасының шешіміне, байқаудың ережесінің талаптарына сәйкес, жүлделі ІІІ орынды Аружан Шорақұл, ІІ орынды Алина Бузубакова және І орынды Даяна Мадияр иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.
(Өз тілшіміз).

Leave A Reply

Your email address will not be published.