Ұлттық ойындардан сынға түсті
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық ойын – ұрпаққа мұра» атты ұлттық ойындар сайысы өтті.
Шара мақсаты – ұлттық ойындарды насихаттау арқылы жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Сонымен қатар жастардың дене шынықтыруын дамыту, ұйымшылдыққа, ептілікке, батылдыққа баулу және ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар «Гир көтеру», «Арқан тартыс», «Қол күрес» сынды қазақтың төл ұлттық ойындары бойынша бақтарын сынап, мерекеге жиналған ауыл тұрғындары мен жастар сайыстарға белсенді қатысып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын көрсетіп, өзара тартысты бәсеке өткізді. Жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастардың бойына рухани мұраны сіңіруге бағытталған бұл сайыс жоғары деңгейде өтті.
Әсем Аралбек,
Бірлік ауылдық округі бойынша жастармен жұмыс жөніндегі маманы.