Ақпараттық портал

Біз Далақайнар мектебінің түлектері едік…

Мектепті басқарған директорлар Шабден Көкімов 1956-58 ж.ж., Хамид Шагиев 1958-62 ж.ж., Т.Байбулеков 1962-65 ж.ж., Төлен Байболов 1965 жылы мектеп орта мектепке айналғаннан кейін 1972 жылы мектептің оқу тәрбие саласының мойнына түскен ауыр салмаққа тіреу болып, көп көмегін тигізді. Сол 1972 жылы кешкі мектептің директорлығына ауысты. 1972-75 жылдары мектебіміздің директоры болып, мектептегі білім мен тәрбие беру ісінің мұғалімі Советхан Мырзаханов ағай қызмет атқарды.
Басшының еңбек жолына үңілсек, тындырған істері сан алуан әрі кісі қызыққандай еді. Пәндерді кабинеттік жүйемен оқытуды және техникалық оқыту құралдарын пайдалануды жүзеге асырды. Ал 1975-79 жылдары мектеп директоры болып физика пәнінің мұғалімі, істің көзін таба білетін, білім мен білігі байыпты, өмірлік тәжірибесі көпті тәнті еткен жайсаң жан Балтағұл Умбетов ағай абыройлы қызмет атқарды. 1970-72 жылдар аралығында алғашқы жолдамамен келген ерлі-зайыпты мұғалімдер аудан орталығына, басқа мектептерге ауысып, көшіп жатты. 1970 жылы Төлеухан Шаймерденов О.Жандосов атындағы орта мектепке оқу тәрбие ісінің меңгерушісі жұмысына ауысады. Ол басқарған ауылдағы теміржолшылардың ұл-қыздарына арналған мектеп-интернаты жабылып, Шоқпар стансасына, теміржолшылар М.Дулатұлы мектебіне ауысады. Жұмағали Абдразаков Новотроицк селосындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болады. Кемпірбай Ембердиев Шу аудандық ауруханасының дәрігер-лаборанты болып, Қали Алдиев Алматы қаласы маңындағы Қапшағай, қазіргі Д.Қонаев қаласына көшіп кетеді. Андрей Иванович Гисс неміс тілі пәнінің мұғалімінен зейнетке шығады. Кармен Беспаев еңбек пәнінің мұғалімі басқа жұмысқа ауысады.
1970-72 жылдар аралығында мектепке жаңа буын мұғалімдері келіп қосылады. Олар Куляй Надирова – математика пәнінің мұғалімі, Тұрар Қарабаева – биология пәнінің мұғалімі, Құралай Кенбаева – қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Шолпанкүл Жандарбекова – тарих пәнінің мұғалімі, Амантай Абдеков – химия пәні мұғалімі, Гүлнар Абишева – биология пәні мұғалімі, Зина Әндірбаева – кітапханашы, Ш.Майханова – бастауыш сынып мұғалімі. Мектеп түлектері Саткен Абдраимова – математика пәні мұғалімі, Әбікен Тоқтыбеков – сызу, сурет, неміс тілі пәні мұғалімі, В.Гартвах – неміс тілі пәні мұғалімі, Федор Ковалевский – алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, Владимир Беккер – машина тану пәні мұғалімі. Бастауыш сынып мұғалімдері: Сайлаукүл Құрманғалиева, Рая Гавриш, Таня Богданова, Раиса Балгереева, Людмила Децель, ал Разкүл Шынжарбекова – физика пәні мұғалімі. 1973-76 жылдары ерлі-зайыпты мұғалімдер қосылды. Олар: Қуанышбек Мұханұлы – еңбек пәні мұғалімі, Бахыткүл Дауренбекова – физика пәні мұғалімі, Совет Аманбеков – дене шынықтыру пәні мұғалімі, Сауаткүл Тунгушалиева – алғашқы ағылшын тілі пәні мұғалімі, Тілеуқабыл Қалиев – сурет, сызу пәні мұғалімі, онжылдықты Шу қаласында бітірген Айсұлу Қалиева – хатшы, Әділхан Тоқтыбеков – трактор пәні мұғалімі, Саулеш Умирова – лаборант, бастауыш сынып мұғалімі.
Сол кездері мұғалімдер мен оқушыларға білім мен тәрбие жұмысынан бөлек еңбекке баулу, тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру және спорттық тәрбиеге көп көңіл бөлетін. Оқушылар жазғы каникул кезінде ата-анасымен бірге түрлі салада жұмыстарға тартылатын. Мәселен, әкесі механизатор болса, ер балалары жанында жүріп, жер жырту, егін орағына қатысатын. Қойшылардың ұл-қыздары қой бағуға, сауыншылардың қыздары бірге барып көмек беретін, егін орағы кезінде оқушылар қырманда жұмыс істеді. Ал 1971 жылдан бастап кеңшар қант қызылшасын өсірумен шұғылданды. Оның көлемі 1980 жылдың ортасында 650 гектарға ұлғайды. Оқушылар көктемде қант қызылшасын сиректеуге, арамшөбін отауға, күзде жиын-терін жұмыстарына қатысатын. Мектеп бір қазақ, екі орыс сыныбы болған еді, кейіннен 8 сыныптан кейін орыс сыныптары біріктіріліп, бір сынып болып отырды, себебі орыс, неміс басқа ұлт өкілдерінің ұл-қыздары еңбекке ерте араласып, әке-шешесімен жұмыс істеді. Содан кейін тәрбиесі, оқуы нашар оқушыларды Ленинск селосындағы Новотроицк №109 атындағы кәсіптік-техникалық училищесіне екі-үш оқушыдан жіберіп отырды. Кеңшарда алғашқы жазғы клуб 1960 жылдары салынған еді. Содан кейін 1966 жылы 100 орындық, іші жылу жүйесімен жабдықталған клуб пайдалануға берілді. Алғашқы клуб меңгерушісі болып Анатолий Богданов және В.Остапов деген кісілер болған еді. Ауыл тұрғындары және оқушыларына кино, сарттан келген әншілер, цирк әртістері келіп өнерлерін көрсетіп, ең қызығы үнді фильмдерінен жұрт қатты әсер алып шығатын. Күндіз оқушыларға, кешкісін ауыл тұрғындарына қызмет ететін клубымыз тәуелсіздік алған жылдары орталық жылу қазандығының істен шығуына байланысты апатты жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта ауылда мәдениет үйі, клуб жоқ. Клубтың ішінде бірнеше бөлмелер бар болатын. Сол уақытта фойеде озат аға шопандардың портреттері ілулі тұрушы еді. Олар: аға шопандар Жарас Оспанбеков, Райымқұл Сихымбеков, Дауан Сураншиев, Қазнабай Сулейменов, Абдығали Сихымбеков, Кенішбай Алшынбайұлы, Жұмажан Журкабаев, Қасыр Абдраимов, Құлжанбай Каппаров, Қырғызбай Қоңқабаев. Кейін әкелерінің құтты таяғын, осы мектептің түлектері балалары қабылдап алды. Олар: Доғдырхан Кенішбайұлы, Қуаныш және Тұнғатар Қасырұлдары, ал Қуаныштың екі ұлы Әскербек пен Мақсат, Құлжанбайдың ұлы Төлеухан, Жұмажанның ұлы Болат, Қырғызбайдың ұлы Ерлан жеке шаруа қожалықтарын құрып, әке жолын жалғастырып, мал шаруашылығын дамытуға үлкен үлестерін қосты.
Далақайнар кеңшарының алғашқы директоры болып И.М.Урсолов, В.М.Варнин, Г.А.Струков, И.С.Куракин 1954-63 жылдар аралығында еңбек етті. Олар басқарған уақытта астық өндіру негізінде жыртылатын жердің көлемі 1500 гектардан бастап, кейін 24 мың гектарға дейін ұлғайтылды және мал басы ірі қара, қой-ешкі көбейді. Ал 1963-77 жылдар аралығында кеңшар директоры болып, соғыс ардагері Хасенов Сары Хасенұлы басқарды. Ол кісі ауыл мәдениетіне, спортқа көп көңіл бөліп, ауыл жастарынан «Қайрат» футбол командасы құрылып, аудан, облыс, республика көлемінде жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сол 1970 жылға дейін аудан көлеміндегі ауыларалық ойындарға қатысқан едім. Кеңшар директорының өзі футбол командасына тікелей жанкүйер, демеуші болды. Сауда орталығы, қонақ үй, асхана, монша, үлкен қазандық салынып, жылу жүйесіне орталықтар қосылды. Су беру жүйесі сыртта көшелерде орналасқан еді (колонка). Спорт десе ішкен асын жерге қоятын Сары Хасенов ауыл шаруашылығын дамыта отырып, жастар тәрбиесін қолға алып, футболдан «Алтын масақ» жүлдесі үшін жарысқа қатысқан 1970-75 жылдар аралығында Далақайнар ауыл командасы «Қайрат» үш рет республика чемпионы атанса, бір рет Одақ бойынша жүлдеге ие болды. Ауыл командасында Сары ағайдың үш ұлы Сағаділдә, Раділдә, Ағаділдә және ауылдағы ағайынды Әскербек пен Доғдырбай Тұрсынбаевтар ойнады.
1971 жылы онжылдық мектептің төртінші түлектері ұшып шықты. Олар: Өзаман Қусаинов, Аманбек Қойшыбеков, Мыстыбай Абдраимов, Жанатбек Усембаев, Болат Айтқұлов, Алтынкүл Алдиева, Анар Байгубаева, Жұмабек Тналиев, Дәніш Имашев, Жарылқасын Абдраимов, Нұргүл Устемирова, Манаткүл Шынғысова, Шалғынбай Сихымбеков, Тілеукүл Қалиева, Витка Гартун, Валя Гартвих, Аня Гетте, Вовка Леис, Юра Дубровский, Коля Стародубцов, Люда Панарина, Нина Лебедева, Павлик Лебедев, Люба Староверова, Зина Шумон, Витка Ильин. 1972 жылы онжылдық мектептің бесінші түлектері: Жақсылық Абдраимов, Темірхан Тоқтыбеков, Жақсылық Ошанов, Жұмахан Майбасарова, Райкүл Абдрахманова, Мустафа Қоңқабаев, Доғдырхан Алшынбаев, Мейізкүл Қосалиева, Нұршай Оспанбекова, Куляйхан Бисмакова, Қашқын Құдайбергенов, Лескен Нұсқабаев. 1973 жылы онжылдық мектептің алтыншы түлектері: Сәуле Алимбекова, Ораз Шетыкбаев, Кенжекүл Мұқашева, Қырғызкүл Таутанова, Сағаткүл Шытабаева, Кеніш Имашев, Төлебек Әделгереев, Әскербек Тұрсынбаев, Ерғазы Ниязбеков, Мейрамкүл Абдрахманова, Мағау Өтетулеков, Гүлнар Сураншиева, Хамзия Қайратова, Сағымкүл Қабиева, Жұмакүл Садықова, Дүйсенкүл Байгубаева. 1974 жылы онжылдық мектептің сегізінші түлектері: Бақытжан Алимбеков, Зина Аманбекова, Несіпкүл Бирбаева, Сәрсенбек Тұрсынбаев, Жанатбек Майбасаров, Дүйсетай Мұқашев, Ерболат Исаев, Әтіркүл Музапарова, Айткүл Қалиева, Абай Ынтымақанова, Доғдыркүл Байгубаева, Тынышкүл Молдақасымова, Алмасбек Оңғарбаев, Батан Әуелов, Алтынкүл Тиналиева, Роза Заурбекова, Раиса Қожанова, Жұмакүл Райымқұлова, Саулекүл Құрманғалиева, Айнагүл Майханова. 1975 жылы онжылдық мектептің тоғызыншы түлектері: Жақсылық Абдраимов, Алтынкүл Абишева, Серикбек Әделгереев, Сара Ахметжанова, Ботагөз Қоңқабаева, Дина Имашева, Жапаркүл Тұрсынбаева, Мұрат Шыңғысов, Лесхан Нұсқабаев, Гауһар Сұраншиева, Жанат Өтепов, Маржан Сихимбекова, Жақсылық Төлендиев, Рәш Мухажанова, Дүйсен Бекқұлов, Байкүл Әшімбаева. 1976 жылы онжылдық мектептің оныншы түлектері: Болат Абдраимов, Несіпкүл Абдрахманова, Оразкүл Абдрахманова, Сайлаукүл Амантаева, Калкаман Кусаинов, Айдар Ахметжанов, Бауыржан Сұраншиев, Бірлік Алашбаев, Боря Степанов, Бақыт Зәуірбеков, Сейсен Қоңырбаев, Татьяна Сейтбекова, Шолпан Кузенбаева, Айткүл Айтибаева, Толымкүл Қосалиева, Бақытжан Бериков, Алтынкүл Жүнусова, Тынышкүл Таутанова, Болат Қайранов, Жанбыкүл Берікбосыова, ағайынды Совет, Тимур Аманбековтер, Тлеуқабыл Қалиев, Жайсанбек Әделгереев және т.б. тамаша өнер көрсетті. Жыл сайын қыркүйек айының басында спорттың футбол түрінен Сары Хасенов атындағы дәстүрлі турнир өткізіліп тұрады. Ал аудан орталығындағы «Қайрат» стадионы қазіргі уақытта Сары Хасенов атымен аталады.
Мұнда тек Сары ағайдың ұлы Сағаділдә, Жайсанбек Әделгереев және Тлеуқабыл Қалиев Шу қаласындағы мектептердің түлегі болса, қалғандары осы мектептің түлектері еді. Мұнда мен орыс сыныптарының мектеп бітірген түлектерін жазып отырған жоқпын, себебі олардың бірде біреуі қазіргі уақытта ауылымызда тұрмайды. Олар мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылдары неміс ұлты өз Отаны Германияға қоныс аударса, қалғаны басқа мемлекеттерге көшкен.
Далақайнар кеңшарының тауарлы сүт фермасына «Асылдандырылған сүт фермасы» атағы берілген. Фермада үш мың басқа дейін «Алатау» тұқымды сиырлар болды. Жылына әр сиырдан 3000 литрден сүт сауылған. Сүт ферманың атақты сауыншылары мен бақташылары Жомартбек Балтабаев, Үсен Исмаилов, Дәуен Әлімбаев, Коля Степанов, Үйсінбай Шакеновтер әулеті бұзау бағумен шұғылданған еді. Ал менің әкем Әбіл Тоқтыбеков «Алатау» тұқымды 16 бұқа бағушы еді, мен мектептен бос уақытымда көмек беруші едім. Ал мектепті бітірген түлектер Мейрамкүл Әшімбаева, Айгүл Нұрпазилова, Ұлжан Исмаилова, Надежда Водолазкина, Галина Зайцева, Роза Гольцмандар сауыншы болып та еңбек етті.

Әділхан ТОҚТЫБЕКОВ,
Далақайнар ауылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.