Ақпараттық портал

Салық төлеушілердің назарына!

Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі – фискалдық чекте. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;
3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының талап етуі бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс. (ҚР Салық кодексінің 110 бабы).
Сонымен қатар, сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану – ескерту жасауға әкеп соғады.
Ал егер, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер орын алса, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. (2026 жылға – 64875 теңге).
Сонымен бірге, бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу – ескерту жасауға әкеп соғады.
Ал егер, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет болса, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. (2026 жылға – 86500 теңге). (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284 бабы).
Шу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.